Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1612687
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған: Ораза айттан кейін Шушаға барамын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Түрік кеңесінің Мемлекет басшылары саммитінде сөйлеген сөзінде «Қарабахтағы түрік жәдігерлерінің қорғалуы және жаңалануы үшін барлық мүмкіндіктерімізбен Әзербайжанның жанында болуымыз өте маңызды. Ең қысқа уақытта Ораза айттан кейін Шушаға барып, қайтадан тойлайық» деді.

Сабах газеті «Түркиядан АҚШ-қа қатал наразылық»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың адам құқықтары рапортына қатаң наразылық көрсетті. Мәлімдемеде «Демократиямызды нысанаға алған, жүздеген азаматтарымызды шейіт еткен 15 шілдедегі опасыз төңкеріс әрекетінің жауаптысы болып табылатын «ФЕТӨ» (Фетуллахшы террор ұйымы) туралы биылғы рапортта тағы «Гүлен қозғалысы» деп аталғанын көрдік. АҚШ-тың осы террористік ұйымға қарсы біздің әділет күресімізді әлі күнге дейін түсіне алмағандығын, бұл террор ұйымына қатысты біз ұсынған нақты дәлелдерді елемегенін, рапортты дайындаған кезде тағы белгілі бір топтың пікірлерін білдіру құралына айналғанын байқаймыз» делінді.

Cтар газеті «Министр Варанктың отандық вакцина мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк инновациялық отандық вакцина зерттеулері тақырыбында «Егер барлық кезеңдер сәтті аяқталса, жылдың аяғына дейін 50 миллион доза вакцина өндірілетін болады» деді.

Хабер түрік газеті «Фатих - Түрікали-2 ұңғымасында  3950 метрге ұласты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Фатих» бұрғылау кемесінің Сакария табиғи газ орнындағы екінші терең теңіз анықтау ұңғымасы «Түркали-2»-де 3950 метрлік соңғы тереңдікке табысты түрде жеткені білдірілді.

Йени Шафак газеті «ТӘЖ-нан жолаушыларына тегін қызмет» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түрік Әуе жолдары жолаушыларының «PressReader» қосымшасы арқылы әртүрлі елдерде шыққан газет-журналдарға тегін қол жеткізе алатынын жариялады. Жолаушылар ұшудан 24 сағат бұрын және сапардан 24 сағат өткеннен кейін де қосымшадағы барлық мазмұнға ақысыз қол жеткізе алады.



Ұқсас жаңалықтар