Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1611830
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған: Отандық вакцинамызды бүкіл адам баласына ұсынамыз» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған тұрғындарының барлығына жақын вакцина егілген елдер бар кезде,  миллиардтаған адамның алғашқы дозаға да қол жеткізе алмағанын айтты.  Ол «Отандық вакцина жұмыстары аяқталғанда,  вакцинамызды ең ыңғайлы шарттарда бүкіл адам баласының қолданысына ұсынамыз» деді.

Стар газеті Түркияның әлемге үндеуін тақырып қылып алған.  Президент Ердоған басшылығында жиналған Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінен кейін декларация жарияланды.  Декларацияда Сириядағы актерлерге гуманитарлық дағдарысты тереңдететін істерді доғару үшін шақыру тасталды. Түркияға қарсы саясаттарын арттырған Грекияға да халықаралық құқыққа бағыну үшін шақыру жасалды. Ливия халқына берілген қолдаудың жалғасатыны атап көрсетілді. Кипр мен Жерорта теңізінің шығысы үшін әділет баса айтылды.

Сабах газеті «Түркияға мақтау» деген хабар жариялаған.  Түркияның стратегиялық маңызын атап көрсеткен еуропалық саясат қайраткерлеріне Германия канцлері Ангела Меркельден кейін Джозеп Боррель де қосылды. Еуропа Одағы Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты жоғары комиссары Боррель Еуропа Одағының Түркиямен ынтымақтастығын дамытуы керектігін білдірді.  Түркия мен Кеден Одағынан көшке дейін ортақ мүдделері бар екенін атап көрсеткен Боррель «Түркиямен белсенді жұмыс істеуімізді жалғастыруымыз керек» деді.

Ватан газеті Түркияның егіншілік істеріне орын берген.  Түркия егіншілік өнімдерінде Еуропада бірінші,  әлемде болса алғашқы ондықта.  Өсімдік өндіру 9 миллион тонна артып,  126 миллион тоннаға жетті.  Бұл республика тарихының рекорды.  Елдің ірі қара мал саны 2020 жылы 18,2 миллионға жетті. Бұл да республика тарихының ең жоғары деңгейі. Ұсақ мал саны болса соңғы бір жылда 12 пайыз артты. 54,1 миллионға жетті.  Бұл да соңғы отыз жылдың ең жоғары көрсеткіші.

Хабер Түрік газеті «Ғарыштан түсірілген Ван көлі суреттері жартылай финалде» деген тақырып қолданған.  Американың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасының ғарышкерлер тарапынан түсірілген фотосурет байқауында Ван көлінің ғарыштан түсірілген суреті 28 суретті артта тастады.  Онлайн болып жатқан байқауда Ван көлінің суреті жартылай финалге шықты.

 



Ұқсас жаңалықтар