Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1607516
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Ердоғанның тығыз телефон дипломатиясы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Италия премьер-министрі Марио Драгиға телефон шалды, артынан Германия канцлері Ангела Меркельмен бейнеконференция арқылы бас қосты. Ердоған Драгимен әңгіме барысында екі ел арасындағы сауда көлемі, көші-қон дағдарысы, виза жеңілдігі және аймақтық мәселелерді талқылады. Меркельмен бас қосуында болса Түркияның Эгей және Жерорта теңізінің шығыс аймағында шиеленіс емес, ынтымақтастықты жақтағанын табандылықпен көрсеткенін тілге тиек еткен Ердоған келіссөздерді табысты түрде жалғастыру үшін Грекияның ынталандыру керектігін атап көрсетті.

Сабах газеті «Еуроодақ (ЕО) Түркиямен сауда-саттық байланысты тереңдетуге дайын»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда британдық Рейтер ақпарат агенттігі бұл апта өтетін Еуроодақ көшбасшылары саммитінің түпкілікті декларация жобасын негізге алып жариялаған хабарына қарағанда басшылар Еурокомиссияға Түркиямен Кеден Одағын жаңарту туралы келіссөздерді жүргізу үшін жауапкершілік беруге тырысады. Көшбасшылар сонымен қатар сириялықтарға қонақжайлық жасағаны үшін Түркияға одан көбірек қаржылық қолдау көрсету керектігіне де назар аударады. Сондай-ақ Түркия мен ЕО арасындағы жоғары деңгейдегі дипломатиялық кездесулер мен байланыстар күшейтіледі.

Йени Шафак газеті «Чавушоғлу: PKK/YPG Ирак пен Сирияға қауіп төндіреді» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Брюссельде өткен НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысында жасаған баяндамасында бөлшектеуші террор ұйым PKK/YPG-ніңИрак пен Сирия үшін де қауіп екенін айтты. Чавушоглу Түркияның барлық террористік ұйымдармен күресін жалғастыратынын білдірді. Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Түркияның Ауғанстанда бейбітшілік үдерісі үшін жоғары деңгейдегі жиналысқа қонақжайлық жасайтынын атап көрсетті.

Cтар газеті «Қытайдан Түркияға ресми сапар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Түркияға ресми сапармен келеді. Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде «Ван И біздің елге 2021 жылдың 24-26 наурызында келеді. Кездесулер барысында өзара қатынастарға қоса аймақтық және халықаралық өзекті мәселелер талқыланады. Қонақ министрдің президент Режеп Тайып Ердоған тарапынан да қабылдауы күтілуде» делінді.

Хабер түрік газеті «Түркиядан Бангладешке көңіл айту жеделхаты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі Бангладештегі аракандық босқындар тұрған «Кокс Базар» лагерінде болған өртте қаза тапқандар үшін көңіл айту жеделхаты жолдады. Түркияның өрттің артынан аракандық босқындар мен оларға қонақжайлық жасайтын Бангладеш үкіметіне қолдау тілге тиек етілген жеделхатта «Еліміз Рохинджа босқындарына бағытталған әртүрлі саладағы гуманитарлық жәрдем жұмыстарын табандылықпен жалғастырады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар