Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1606718
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Министр Чавушоғлу БҰҰ Бас хаишысының Кипр арнайы өкілімен сөйлесті» деген хабар жариялаған.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериштің Кипр арнайы өкілі Джейн Холл Лютпен кеше Анкарада кездесті.  Министр Лютпен Кипр тақырыбында сәуір айында Швейцарияның Женева қаласында өтетін 5+1 форматтағы бейресми жиналыстың дайындықтарын қолға алды.

Йени Шафак газеті «Испания Сыртқы істер министрі: ЕО Түркиямен жақсы қатынастарда болуы керек» деген хабар жариялаған.  Испания Сыртқы істер министрі Лая кеше Еуропа Одағы Сыртқы істер министрлері жиналысынан бұрын Түркиямен жақсы қатынастарда болу керектігін атап көрсетті.

Стар газеті «Жұмыссыздық көрсеткіштері жарияланды» деген хабарға орын берген. Түркияда жұмыссыздық көрсеткіші коронавирус эпидемиясының ықпалына қарамастан 2020 жылы алдынғы жылмен салыстырғанда 0,5 ұпай артып,  13,2 пайыз болды.

Хүрриет газеті Түрік Әуе жолдарының Еуропадағы орнын сақтап қалғанын білдірген.  Еуропа Авиарейстерді бақылау ұйымының 15-21 наурыз күндері арасындағы деректеріне қарағанда,  Түрік Әуе жолдары күніне 670 рейспен бірінші орын алды. Түрік авиакомпаниясынан кейін Франция авиакомпаниясы келеді.

Сабах газеті Түркия- Голландия матчына орын берген.  2022 FİFA Әлем кубогы іріктеу матчтары басталады.  Түрік құрамасының іріктеу G тобында Голландиямен ертең матчы бар.  Матчты ағылшын төреші Майкл Оливер басқарады.



Ұқсас жаңалықтар