Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1594802
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Мысырмен теңіз өкілеттігі алаңдарын талқылауға дайынбыз» деген хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Жерорта теңізінің шығысында теңіз өкілеттілік алаңдарына байланысты қатынастардың бағытына қарай Мысырмен талқылауға болатынын айтты.  Министр Чавушоғлу «алдағы уақытта арамызда келісімге келуіміз мүмкін» деді.

Ватан газеті «Фуат Октай: Осы апта 20 мың коронавирус вакцинасын СКТР-на жолдаймыз» деген хабарға орын берген.  Вице-президент Фуат Октай Солтүстік Кипр Түрік Республикасы премьер-министрі Ерсан Санермен кеше Анкарада бас қосты. Баспасөз мәслихатында Октай «Осы апта 20 мың коронавирус вакцинасын СКТР-на жолдаймыз. Осылайша жолданған барлық вакцина саны 100 мыңға жетеді.  Осылайша әлемдегі вакцина салудан ең үздік бір-екі ел арасында орын аласыз» деді.

Стар газеті «Террорлық ұйым PKK-ға тыныс алдырмаймыз: 126 террорист залалсыздандырылды» деген хабар жариялаған. Қауіпсіздік күштері бөлшектеуші террорлық ұйым PKK-ға бағытталған операцияларды табыспен жалғастыруда. Террорлық ұйымға бағытталған 2021 жылдың ақпан айындағы операцияларда 126 террорист залалсыздандырылды.

Сабах газеті «Түрік брондалған Cobra II көлігі жаңа түрімен ең қауіпті міндеттерге дайын» деген хабар жариялаған.  Түрік қорғаныс өнеркәсібінің брондалған құрлық көлігі өндірушілерінің бірі Отокар Cobra II көлігіне «минаға қарсы қорғау» ерекшелігін қосты.  Cobra II 4x4 Түркияда және әлемде он бес елде міндет атқарған көліктің жаңа моделі ретінде жобаланды.

Хүрриет газеті «Қабілетті флейташы Бүлент Евжил Италияның атақты журналының мұқабасына шықты» деген хабар жариялаған. Италия Мемлекеттік симфония оркестрінің директоры және флейташы Бүлент Евжил Италияның отыз жылдан бері жарияланатын атақты өнер журналы «Фалауттың» мұқабасында орын алды. Әлемдегі алдынғы қатардағы флейташы ретінде көрсетілген Евжилмен сұхбат та жарияланды. Өнер қайраткерінің Бразилия, Америка, Италия секілді елдердегі концерттері туралы айтылып,  алған жүлделері мен табыстарына орын берілді.

 



Ұқсас жаңалықтар