Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1592681
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Түркияның информациясы Түркияда қалады» деген хабар жариялаған.  Президенттік аппарат жанындағы Цифрлық өзгеріс кеңсесінің төрағасы Али Таха Коч Google, Amazon, Facebook, Apple, Microsoft секілді технология алпауыттарының эквиваленттерінің Түркияда жетілдірілуін мақсат еткендерін айтты. Коч «Түркияның информациясы Түркияда қалады. Бұл үшін жергілікті өнімдерді, әсіресе әлеуметтік желі платформалары немесе жылдам хабарласу, видео конференция секілді қосымшалардың отандық эквиваленттерін жетілдіруге тырысамыз» деді.

Хүрриет газеті «Туризмде ағылшын қозғалысы» атты хабар жариялаған.  Ұлыбританияда 17 мамыр күнінен бастап ағылшын азаматтарына халықаралық саяхат еркіндігі беріледі.  Мугланың әлемге танымал Мармарис, Бодрум және Фетхие аудандары ағылшын туристер көп келетін жерлер. Туризм агенттіктері мен қонақүйлер басшылары Шотландия, Солтүстік Ирландия, Галлер және Англияны қамтыған Ұлыбританиядағы халықаралық тур операторларымен кездесулерін бастады.

Йени Шафак газеті «Пандемияда тек Түркия мен Қытай өсті» деген хабар жариялаған. Коронавирус эпидемиясы жаһандық деңгейде өсім болжамдарын өзгертті.  3,5 және 4 пайыз арасында өсуі күтілген жаһандық экономика 4,3 пайыз тарылды.  Дамыған және даму жолындағы елдерден құралатын G20 елдері арасында тек Түркия мен Қытай өсімге қол жеткізді.

Стар газеті қорғаныс өнеркәсібінен бір жаңалыққа орын берген. Ең маңызды мақсаттарының «Акынджы» шабуылдаушы қарулы, ұшқышсыз әуе көліктерінен кейін Түркияға ұшқышсыз соғыс ұшақтарын сыйлау екенін айтқан Байкар компаниясының басшысы Халук Байрактар «Ұшқышсыз әскери ұшақ үшін жобалау сатысындамыз. Дауыс жылдамдығында ұша алатын бір платформа болады» деді.

Ватан газеті «Голливуд жұлдыздары Айя-Софияға келді» деген хабар жариялаған. Анталияда түсірілімі жалғасып жатқан ‘Five Eyes’ фильмінің режиссері және сценаристі Гай Ричи Стамбул сапары шеңберінде Айя-София мешіті мен Топкапы сарайына барды. Гай Ричи бастаған актерлер тобы тарихи мекендерді аралап,  мәлімет алды.

 



Ұқсас жаңалықтар