Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1588940
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған: Сириялық босқындарға құшақ ашқан жалғыз елміз» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Измирдегі Халықаралық Миграция конференциясында сөз сөйледі.  «Еуропа Одағы Грекияға 100 мың босқын үшін үш миллиард евро берсе,  Түркиядағы 4 миллион босқын үшін көмектеспеді» деген Ердоған «Еуропаны паналаған он мыңдаған сириялық баланың қайда екені, оларды кімдердің алып қашқаны белгісіз» деді.

Хүрриет газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің 46-шы отырысындағы сөзінде бөлшектеуші террорлық ұйым PKK-ның Ирактың Гара аймағында 13 түрік азаматын өлтіргеніне үнсіз қалғанын айтты.  Ол «Халықаралық ұйымшылдық болмастан, қазіргі қос стандандартпен осы қауіпті жоя алмаймыз» деді.

Ватан газеті «АҚШ-тан тарихи мойындау» деген хабарға орын берген.  Сирияда бөлшектеуші террорлық ұйым PKK/YPG-ге көмек беру арқылы наразылық алған Америка Құрама Штаттарынан мойындау келді.  Америка Құрама Штаттарының Еуропа Күштерінің бұрынғы қолбасшысы генерал Бен Худжз «Түркияға деген сенім қайта қалыптасуы керек» деді. PKK/YPG тақырыбында қате істегендерін атап көрсеткен генерал «Түркия секілді одақтас елмен қатынастарды бұзған шешімдер қайта қаралуы керек» деді.

Стар газеті «Грекия мен понти жағынан тарихи қате» деген хабар жариялаған.  Проф. Др. Хүсейін Ышыксал Грекия мен Кипр понти жағының шешім емес,  кері шегіну үшін талпынғанын білдірді.  Түркияның Кипрде кері шегінуін күткен екі елдің қате жасағанын атап көрсеткен профессор «Еуропа елдері Жерорта теңізінің шығысындағы ең маңызды және стратегиялық актер Түркиямен бетпе-бет келуге болмайтынын ерте ме кеш пе түсінеді» деді.

 Йени Шафак газеті «Түркияның алтын өндірісі рекордқа жақындады» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда,  Түркияның алтын өндірісі артып келеді.  Энергия және табиғи ресурстар министрлігі Түркияның алтын өндірісінің соңғы бес жылдық деректерін жариялады. Деректерге қарағанда Түркияда 2016 жылы 24,5 тонна, 2017 жылы 22,5 тонна, 2018 жылы 27,1 тонна, 2019 жылы 38 тонна алтын өндірілген. Ал 2020 жылы 42 тонна алтын өндірілді.

 



Ұқсас жаңалықтар