Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1586749
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті президент Ердоғанның Путинмен сөйлескенін хабарлаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Телефон әңгімесінде Қарабах, Ливия және Сириядағы соңғы ахуал талқыланды.  Президент Ердоған Қарабахтағы бітімнің сақталуы үшін барлық тақырыпта жұмыстану керектігін атап көрсетті.

Хүрриет газеті «Түркияға сенетін инвесторлар жеңіп шығады» деген хабар жариялаған. Вице-президент Фуат Октай соңғы айларда Түркияға шетелден 15 миллиард доллардан көп ақша кіргенін білдіріп, «Экономика және инвестицияларға тікелей қатысы бар құқық реформасын дайындап жатырмыз.  Түркияға сенетін инвесторлар бүгінге дейін болғаны секілді бұдан былай да жеңіп шығады» деді.

Хабер Түрік газеті «Отандық автокөліктің зауытында маңызды саты» деген хабарға орын берген.  Бурса Гемликте құрылысы жалғасып жатқан отандық автомобиль зауыты жөнінде мәлімет берген Түркияның Автомобиль бастамасы бояу шеберханасы, энергия және кеуде ғимараттарының инфрақұрылым жұмыстарының аяқталғанын білдірді.

Сабах газеті «Түрік курьер роботтар Дубайға сапар шегеді» деген хабар жариялаған.  Пандемия кезінде артқан курьер мұқтаждығына орай жасанды интеллектпен жетілдірілген робот курьерлер өндірісін бастаған Стамбулдағы бір компания Еуропаның тұңғыш автономды робот курьер фирмасы болды.  Оның роботтары жақында Дубайдың Силикон алқабы деп аталған Интернет Ситиде қызметін бастайды.

Стар газеті «НАСА-дан Салда жазбасы» деген хабарға орын берген.  НАСА Марстағы Жезеро кратерінде тіршілік ізін іздеу үшін ғарыш көлігін жіберуге дайындалған кезде, осыған ұқсас минерал  мен геологиялық құрылымға ие Түркияның Бурдур өңіріндегі Салда көліндегі зерттеулерін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар