Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1585904
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған: Наурыз айында сатылы түрде өмірді қалыпқа келтіру басталады»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған президенттік кабинет жиналысының артынан жасаған мәлімдемеде сатылы түрде өмірді  қалыпқа келтіру процесіне тоқталып, «Наурыз айынан бастап, сатылы түрде өмірді қалыпқа келтіру процесін денсаулық сақтау министрлігінің ережелері бойынша қалаларымызды төрт топқа бөлу арқылы бастаймыз» деді.

Йени Шафак газеті «Ағылшын баспасөзі қарулы түрік пилотсыз ұшақтарын (дрон) мақтады» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда түрік қарулы пилотсыз әуе көліктері (SİHA) Ұлыбритания баспасөзінде күн тәртібінде тұр. Telegraph газеті Әзербайжанның Таулы Қарабахта қол жеткізген жетістігінің артында Түркияның қарулы пилотсыз әуе көліктері бар екенін жазды.

Cтар газеті «Грекия адамзаттық қылмыстарды жалғастыруда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігі Грекия тарапынан телефондары мен ақшалары қолынан тартып алынған соң зорлық-зомбылыққа ұшырап, Түркияға заңсыз түрде депортация жасалған мигранттардың құтқарылғанын жариялады.

Сабах газеті «Министр Караисмаилоғлуның ‘Türksat 5A’ мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу ғарышқа ұшырылған «Türksat 5A» жер серігі туралы жасаған мәлімдеме «Жер серігіміздің барлық ішкі жүйелері осы уақытқа дейін үздіксіз жұмыс істеп келеді. Жер серігіміз орбитасына ұласқаннан кейін орбиталық сынақтары өткізіліп, маусым айынан бастап қабылданады және қызметін атқара бастайды» деді.

Хүррийет газеті «Түркия қаңтар айында ең көп футболшы трансфер жасаған 4-ші ел болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 2021 жылы Түркия футболшы трансфері кезеңінде халықаралық футболшы алған елдер қатарында 4-ші орынды иеледі. ФИФА-ның есебі бойынша аралық футболшы трансфері кезеңінде «Search Spain» 145, Португалия 143, Ұлыбритания 140, Түркия 123 халықаралық трансфер  жүзеге асырды.



Ұқсас жаңалықтар