Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1583690
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «PKK террорлық ұйымына үлкен соққы» деген хабар жариялаған.  Бөлшектеуші террорлық ұйым PKK-ның Ирактың солтүстігіндегі Гарадағы үңгірлеріне 10 ақпан күні басталған операция аяқталды. Операцияда 53 террорист залалсыздандырылды. Екі террорист тірілей қолға түсірілді.  Операцияда террорлық ұйымның аталмыш аймақтағы болмысына ауыр соққы енгізілді. Террорлық ұйымның қарусыз 13 азаматты өлтіруі де ұйымның опасыз бейнесін көрсетеді.

Стар газеті «Ұлттық әскери ұшақта маңызды жетістік» деген хабарға орын берген. Отандық бесінші буын әскери ұшақтың ұлттық күшке ие болуы үшін тағы бір қадам басылды.  Ұшақтың отандық күш бөлімдерінің жетілдірілуі үшін отандық мотор дизайн және жетілдіру фирмасы TRMOTOR-мен хаттамаға қол қойылды. Осылайша жобада маңызды сатыға келінді. Отандық әскери ұшақ 2023 жылы дайын болады деп жоспарланды.

Хүрриет газеті ғалымдар туралы хабарға орын берген.  Соңғы кезде әлемде жүргізілген ғылыми жұмыстарға түрік ғалымдар таңба басты.  Биомедикал ғалым және бизнесмен Др. Өзлем Түрежи мен Проф. Др. Угур Шахин коронавирус вакцинасын шығарып,  әлемге үміт отын жақты. Түрік ғалым Камил Өндер де коронавирустың жаңа түрін қысқа уақытта анықтай алатын PCR тестін жетілдіріп шығарды. Проф. Др. Рахми Өклү де ракты өлтіретін дәрі жасап, әсіресе трансплантация күткен бауыр рагы науқастары үшін үміт болды.

Йени Шафак газеті «JP Morgan: Түркия 2021 жылы 4,6 пайыз өседі» деген хабар жариялаған. Американың инвестиция банкі және қаржы қызметі холдингі JP Morgan Түркияның 2020 және 2021 жылдары өсімін жоғары қарай жаңалады. Желтоқсан айында өнеркәсіп өндіріс индексі рекорд деңгейге жеткеннен кейін JP Morgan Түркияның 2020 жылғы экономикалық өсім болжамын 1,1 пайыздан 1,9 пайызға, 2021 жылғы өсімді 3,3 пайыздан 4,6 пайызға көтерді.

Ватан газеті «Конияның мылтығы үшін 65 ел кезекке кірді» деген хабар жариялаған.  Конияның Бейшехир ауданында өндірілетін аң аулау мылтығы Азия, Еуропа және Қиыр Шығыста 65 елге сатылды.  Секторда брендке айналған Хуглу мылтықтары шеберлігі, эстетикалық көрінісі, сапасы және төзімді болуына байланысты қарсыластарын артқа тастайды.  Ұзын қашықтықты мерген мылтығы OVİS болса Америка Құрама Штаттары, Намибия, Тайланд, Индонезия және Германиядан сұраныс алып отыр.

 

 



Ұқсас жаңалықтар