Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1562626
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған ЕО елшілерімен жиналысында маңызды мәлімдемелержасады» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Еуроодақ (ЕО) елшілерінің жиналысында Грекияға шақыру жасап, «Грекияны шиеленісті күшейтуді тоқтатуға шақырамыз. Жерорта теңізінің шығысын бәсекелестік алаңы болудан шығарып, ұзақ мерзімді мүдделерімізге қызмет ететін ынтымақтастық бассейніне айналдыруымыз керек» деді.

Хабер түрік газеті «Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлұның ЕО мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше Анкарада ЕО елдерінің елшілерімен кездесуінде «Реформа күн тәртібінде табандымыз. ЕО бізге қолдау беру керек. Өз болашағымызды Еуропада көреміз және оны бірге құрғымыз келеді» деді.

Ватан газеті «Отандық тікұшақ моторы сәтті жұмыс істеді»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда тұңғыш отандық жалпы мақсаттағы тікұшақ – «Гөкбейге» (Gökbey) орналастырылатын отандық тікұшақ моторы «TEI-TS1400»-дің алғаш прототипі «TS3»-тің артынан «TS4» сәтті жұмыс істеді.

Cтар газеті «Түркияның жеміс-жидек қоймасы болған Жерорта теңізінің шығысы цитрус экспортында бірінші орында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның цитрус экспортының 71 пайызын жүзеге асырған Мерсин, Хатай және Адана қалаларынан өткен жылы 661 миллион 787 мың долларлық цитрус экспортталды.

Хүррийет газеті «Алдымен Хакан Чалханоглу, енді Юсуф Языжы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік футболшылары Еуропаға таңба қалдыруды жалғастыруда. Хакан Чалханоглу желтоқсанда Италияда айдың футболшысы сыйлығын жеңіп алса, бұл жолы Юсуф Языджы Францияның күн тәртібінде. Францияның 1-ші футбол лигасының командаларының бірі Лилльде ойнаған ұлттық футболшы Ұлттық кәсіби футболшылар қауымдастығы тарапынан желтоқсан айының футболшысы сыйлығына үміткер болып ұсынылды. Желтоқсан айының футболшысы қауымдастықтың ресми интернет парақшасы арқылы берілген дауыстармен анықталады.



Ұқсас жаңалықтар