Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1559853
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Албания премьер-министрі Рама Аселсанға барды» деген хабар жариялаған.  Вице-президент Фуат Октай кеше Албания премьер-министрі Эди Рамамен бірге Әскери электрондық өнеркәсіп Аселсанға барды.  Жақын болашақта Албанияның қала мен жолдарында Аселсан тарапынан жетілдірілген технологияларды қолданатынын білдірген Рама түрік технологиясына тамсанды.

Ватан газеті Ішкі істер министрі Сойлуның сөздеріне орын берген.  Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Грекияның босқындарды өлімге итермелегенін, Еуропаның да бұған үнсіз қарап қалғанын білдірді. Министр әлеуметтік желідегі есебінен Грекия Жағалау қауіпсіздік күштерінің босқындарды құтқарудың орнына олардың өміріне қауіп төндіргенін жазды. Грек күзетшілер босқындарды түрік жағалауына қарай итермелеп отыр. Түрік Жағалау қауіпсіздік күштері де оларды құтқарып қалуда.

Хабер Түрік газеті «Алтын өндірісі өткен жылы Республика тарихындағы рекордын жаңалады» деген хабар жариялаған. Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез кеше хабарлама жариялап, Түркияның алтын өндірісінің коронавирус эпидемиясына қарамастан Республика тарихының рекордын жаңалағанын білдірді.  Алтын өндірісі былтыр 42 тоннаға жетті.  Министр осылайша экономикаға 2,4 миллиард долларлық үлес қосылғанын айтты.

Йени Шафак газеті «Шамамен 82 миллион жолаушы ұшақты таңдады» деген хабарға орын берген.  Қатынас және инфрақұрылым министрлігіне қарасты Мемлекеттік әуежайлар басқармасының деректеріне қарағанда,  Түркия бойынша әуежайларында 2020 жылы қызмет берілген жолаушы саны 81 миллион 657 мың 70 болды.

Сабах газеті «Түрік дәрігеріне мақтау» деген хабар жариялаған.  Мармара Университеті Медицина факультеті Балалар аллергиясы Иммунология кафедрасы оқытушысы Проф. Др. Ахмет Огузхан Өзен балалық шақта қауіпті ауру CHAPLE синдромының емін тапты.  Өзен және оның командасының осы туралы мақаласы медицина әлемінің назарын аударды.

 



Ұқсас жаңалықтар