Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1558350
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Отандық вакцина сүйіншісі» деген хабарға орын берген.  Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа отандық вакцина жұмыстарының жалғасып жатқанын,  үш инактивті вакцинаның адам сынақтарын бастайтын сатыға келгенін айтты.  Вакцина кандидаттарының жылдам жүзеге асырылуы үшін қатысты мекемелердің жұмыстанып жатқанын білдірген министр: «Еліміздің ғылыми және техникалық инфрақұрылымы, ғалымдарымыздың ынтасы мен еңбегі бізге ең үздік вакцинаны сыйлайды» деді.

Ватан газеті министр Акардың сөздеріне орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түркияның Жерорта теңізіндегі саясатының ашық және нақты екенін атап көрсетті. «Біз халықаралық құқықты қолдаймыз.  Халықаралық құқықтың, екі жақты келісімдердің орындалуын сұраймыз. Осы тақырыпта жақсы көршілік қатынастарына көңіл бөлеміз» деді. Акар «Барлық проблеманы кездесулер арқылы, сөйлесіп шешуге болатынына, саяси шешімдер табылатынына сенеміз» деді.

Стар газеті «Теңіз зымыраны Atmaca міндетіне дайын» деген хабар жариялаған.  Түркияның тұңғыш теңіз зымыраны Atmaca  қиын сынақтардан сүрінбей өтіп, міндетіне дайын жағдайға келді. Әлемдегі өзіне ұқсас зымырандардан үстем ерекшеліктерге ие Atmaca зымыраны бірінші рет 2019 жылы 14-ші Халықаралық Қорғаныс өнеркәсібі көрмесінде таныстырылған болатын.

Йени Шафак газеті «Түрік әскері бір жылдан бері Ливияда» деген тақырып қолданған.  Ливияның БҰҰ құзырында заңды Ұлттық келісім үкіметімен 2019 жылдың 27 қараша күні жасалған келісім 2 қаңтар күні Түркия мәжілісінде бекітілген болатын. 8 қаңтар күні де алғашқы түрік әскерлері Ливияға барып жетті. Ливияға барғаннан кейін теңгерімді өзгерткен түрік әскерлері бір жылдың ішінде қауіпсіздіктің кепілі болды.  Түрік әскері Ливияның төрт мыңнан астам әскерін дайындап шықты.

Хүрриет газеті экономика хабарына орын берген. Әлемдік банк Түркия экономикасының 2020 жылы 0,5 пайыз өсетінін болжады. Түркияға байланысты өсім болжамы 2021 жыл үшін 4,5 және 2022 жыл үшін 5 пайыз деп жарияланды. Банк бұдан бұрынғы болжамында түрік экономикасының 2020 жылы 3,8 пайыз тарылатынын, 2021 жылы болса 5 пайыз өсетінін болжаған еді.

 



Ұқсас жаңалықтар