Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1549017
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Жазықсыз адамдардың даусы болуды жалғастырамыз» деген хабар жариялаған.  ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Халықаралық Гуманитарлық ұйымшылдық күніне орай Түркияның коронавирус кезеңінде де әлемнің ең жомарт елі болып,  құрбандарға көмек бергенін білдірді.  Ол «Жазықсыздардың даусы болуды жалғастырамыз» деді.

Ватан газеті «Қытай экспорт пойызы – теміржол қатынасындағы жеңісіміз» деген хабарға орын берген.  ТР Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу «Қытай экспорт пойызы Стамбулдан Қытайға дейінгі үздіксіз сапарын аяқтады.  Түркияның логистикалық күшін әлемге паш еткен осы пойыз -теміржол қатынасындағы жеңісіміз» деді.

Сабах газеті де бір жаңалыққа орын берген.  Түрік Әуе жолдары Техникалық компаниясы Түркияның алғашқы отандық сервер және модемді өндірді.  Ұшақтарда медиа контенттерінің сақталуына, интернетке қосылуға және қажет болғанда контенттердің жолаушылармен бөлісілуіне мүмкіндік беретін сервермен рейстер одан сайын көңілді болады.

Стар газеті «Пәкістаннан келді» деген хабар жариялаған. Пәкістан мемлекеттік телеарнасында жарияланған «Тірілу Ертұғрыл» телехикаясын тамашалаған пәкістандықтардың Түркияға келгенін білдірген. Пәкістандық үш жігіт мыңдаған километр жолдан Ертұғрыл Ғазидің қабіріне келді.

Хүрриет газеті «Цифрлану турист санына жақсы әсер етеді» деген хабар жариялаған.  Мәдениет және Туризм министрі Мехмет Нури Ерсой басшылығында қүрылған цифрлық платформа іске қосылды. Заманауи дизайны, технологиялық инфрақұрылымымен Түркияның бәсекелестерінен алда болуына үлес қосатын платформа секторды қуанышқа бөледі.  Түркия жөнінде мәлімет алғысы келетін, саяхатын жоспарлайтын барша қолданушылар елдің мәдени және туристік мекендерін бір шаңырақта таба алады. "goturkey.com"  2021 жылғы брондауларға жақсы әсер ететін болады.

 



Ұқсас жаңалықтар