Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1546991
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоғаннан АҚШ-қа қатаң санкция наразылығы» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше жасаған мәлімдемеде АҚШ-тың Түркияға бағытталған санкция шешіміне тоқталып «АҚШ санкция шешімін жариялады. Ашық айтамын. 2017 жылынан бері «Америка жауларына санкция арқылы күрес заңы тақырыбында ешбір елге бұл санкция іске қосылмаған болатын. Алғаш рет бір НАТО мүшесі ретінде елімізге қарсы іске қосылды. Бұл қандай одақтастық, бұл қандай одақтас?» деді.

Хабер түрік газеті «Сыртқы істер министрі Чавушоғлу: PKK террор ұйымын Ирактан тазалау үшін қолдау көрсетеміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше Ирак Сыртқы істер министрі Фуат Хүсейинмен кездесуінің артынан ортақ баспасөз жиналысы өткізді. Чавушоғлу PKK террор ұйымының күрдтердің дұшпаны екенін атап, «Бұл террор ұйымынан Иракты толығымен тазалау үшін Түркия ретінде бар қолдауды көрсетуге дайынбыз» деді.

Сабах газеті «Youtube-дың шұғыл Түркия шешімі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда YouTube Түркияда жергілікті бір заңды тұлға өкілі тағайындау процесін бастауға шешім қабылдағанын жариялады. Youtube жасаған мәлімдемеде компанияның әрдайым ашықтық, сөз бостандығы және ақпаратқа қол жетімділікті сақтай отырып, өзі жұмыс істейтін елдердегі жергілікті заңдар мен ережелерді сақтау туралы қамқорлық жасайтындығын хабарлады.

Ватан газеті «Түркия теңгерімді өзгертуге бет бұрды»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Әскери Электроникалық өнеркәсібі (Аселсан) мен Зымыран өнеркәсібі және сауда АҚ (рокетсан) тарапынан жетілдірілген алғаш отандық әуе қорғаныс жүйесі «HİSAR-A+»-ның қабылдануы алдында соңғы сынағы жасалды. Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы Твиттер парақшасынан жасалған бейнекөріністі хабарламада «TÜBİTAK SAGE» тарапынан жетілдірілген соғыс тұмсығымен жүзеге асырылған атқылауда жоғары жылдамдықты ұшақтың ұзақ қашықтықта табыспен жойылғаны атап көрсетілді.

Cтар газеті «Ковид-19 вакцинасын ашқан Профессор Шахин мен Түреджи «Жылдың тұлғасы» сайланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Financial Times газеті Ковид-19 вакцинасын ашқан неміс биотехнология фирмасы BioNTech-тің құрушылары профессор Угур Шахин мен Өзлем Түреджиді «Жылдың тұлғасы» болып сайлады. Ұлыбританияда жарияланған газетте Угур Шахин және Өзлем Түреджи туралы «Жұп бір жылдан қысқа мерзімде Ковид-19 вакцинасын жетілдіріп, керемет ғылыми және саудалық табысқа қол жеткізді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар