Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1521521
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Үміттің аты Айда Гезгин» деген тақырыппен хабар жариялаған. Измирде жер сілкінісі ауыр зардап алып келген Байраклы ауданында үш жасар Айда Гезгин 91 сағаттан кейін үйінді астынан шығарылды.  Айда нәрестенің денсаулығының жақсы екені айтылды.

Сабах газеті министр Акардың сөздеріне орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Жерорта теңізінің шығысына байланысты жасаған мәлімдемесінде Грекияның еркеліктен бас тартып,  халықаралық құқыққа сай қозғалуы керектігін айтты. «Ешкім күшінен асатын істер жасауға талпынбасын,  бұлар тұйыққа тіреледі.  Құқығымызды бермейміз» деді ол.

Йени Шафак газеті «Австрияда террорлық лаңкестік: Екі түрік ұлттық қаһармен деп жарияланды» деген хабарға орын берген. Австрияның бас қаласы Венада болған лаңкестікте бір әйел мен бір полиция қызметкерін құтқарған екі түрік азаматы елде ұлттық қаһарман деп жарияланды.  Шабуылда жарақат алған бір әйелді мейрамханаға тасыған Реджеп Тайып Гүлтекин мен Микаи Өзен шабуыл барысында да төңіректегі адамдарға ескерту жасағаны көрінеді.

Стар газеті «Әлемде тек үш елде бар. Түркия бес елге қызмет беруде» деген хабар жариялаған.  Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу Халықаралық спутниктік теңіз және әуе іздеу құтқару жүйесіне виртуалды спутник сигнал беруші симульятор қосқандарын білдірді. Министр: «Түркия бүкіл адам баласының қызметінде.  Халықаралық құтқару жүйемізге әлемге тек үш елде бар сигнал беруші симульятор қостық. Грузия, Украина,  Иран, Ирак және Ауғанстанға координатор ел ретінде қызмет көрсетіп отырмыз» деді.

Хүрриет газеті экономика хабарына орын берген.  Түркия автомобиль және жеңіл автокөлік нарығы қаңтар – қазан айларында алдынғы жылмен салыстырғанда, 78.1 пайыз өсіп,  588 мың 354 дана деңгейіне жетті.



Ұқсас жаңалықтар