Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1454023
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған “Аясофияның мәртебесіне байланысты түбегейлі шешім басқалары емес,  түрік ұлты береді. Бұл - біздің ішкі мәселеміз. Басқа елдер қабылданған шешімге құрмет көрсетуі керек” деді. 

Стар газеті “Чавушоғлунан Ливия үндеуі” деген тақырып қолданған.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Financial Times газетіне берген сұхбатында Ливия үкіметінің тек елдің шығысындағы заңсыз Хафтар күштеріне қарасты жасақтар Сирт және Джуфра аймағынан кетсе, 2015 жылғы желіге оралса ғана бітімді қабылдайтынын айтты. Хафтарға қарасты жасақтар осы аймақтардан кетпейінше Ливия  үкіметінің шабуылын жалғастыратынын білдірді. 

Ватан газеті “Түркия мен шығанақ елдері арасында виртуалды сауда көпірі құрылады” деген хабар жариялаған.  Сауда министрлігі Дубай Сауда атташелігінің бастамасымен Шығанақ елдері мен Түркия арасында аймақтық нарықтарды, э-сауда платформаларын нысанаға алған виртуалды сауда көпірі құрылады. 

Сабах газеті “Әлемдегі үш ірі елді бірі болдық” деген хабарға орын берген. Қорғаныс өнеркәсіп басқармасы Түрік Қарулы күштерінің инветарындағы барлық M60T танктарын модернизациялап, M60TM конфигурациясына өткізді.  Қорғаныс өнеркәсіп төрағасы Исмаил Демир “Танктарымызды актив қорғау жүйесімен модернизациялап, осы қабілетімен әлемде үш елдің біріне айналдық” деді. 

Йени Шафак газеті “Түркияның отандық қару және жабдықтары онлайн ойында” деген хабар жариялаған.  Әлемнің ең көп ойналған FPS онлайн ойындарының біріне Turkish Mod Team  мүшелері жетілдірген бағдарлама арқылы Bayraktar İHA және SİHA, Анка, Кобра, Акреп, Кирпи, Атак тікұшақтары мен Алтай танкы секілді отандық өнімдер, оқ-дәрілер және қарулар қосылды.  Осы арқылы ойыншылар айырықша Түрік Қарулы күштері немесе арнайы жасақ полициясы ретінде “Евфрат қалқаны”, “Зәйтүн бұтағы”, “Бейбітшілік бұлағы” және Ливия операциясы аймақтарында міндет атқара алады. 



Ұқсас жаңалықтар