Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1253424
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сирияның солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен келісілген сенімді аймақ хаттамасы жөнінде «Трамптың уәдесі бар.  Осындағы мақсат – Сенімді аймақтан террор ұйымы  YPG/PKK-ның шығарылуы.  Америка Құрама Штаттары қарулай көмегін жалғастыруда.  Шынайы болуы керек және уақыт өткізу тактикаларын Түркияның қабылдамайтынын түсінуі қажет» деді.

Сабах газеті «Кемпірқосақ төбелеріне шетелдік туристтер қызыға келеді» деген хабарға орын берген. Ыгдырдағы теңдесі жоқ табиғат кереметіне шетелдік туристер көптеп келуде.

Тузлужа ауданының батысындағы «Кемпірқосақ төбелері» қызыл,  қоңыр, сұр және сары түсті топырағымен келушілердің көзінің жауын алуда.

Аймақтық туризм әлеуетіне үлес қосқан төбелер алуан түсімен туристерді қызықтырады.

Түрлі түсті төбелер Түркияның Армения,  Нахчыван және Иранмен шекаралас аймағында орналасқан.

Хүрриет газеті «Кушадасына бір кемемен 3100 турист келді» деген хабарға орын берген. Айдынның Кушадасы ауданына келген Голландияның кемесі 3100 турист алып келді.  Эгей портына кеше таңертең тоқтаған кемені аудан халқы қуанышпен қарсы алды. Кеменің ұзындығы 296 метр,  ені 38 метр. 

Хабер Түрік газеті де туризм хабарына орын берген.  Бурдур қаласында аппақ жағажайы,  тап-таза суы және керемет түсімен «Түркияның Мальдиві» деп аталған Салда көліне келушілер саны артты.  Жылдың басынан бері 600 мыңнан асқан келуші күткен Салда көлі Құрбан айт демалысында да туристтердің бас тартылмас мекеніне айналды.

Стар газеті румын әншісінің хабарын жариялаған. Румын әнші Отилия Брума Түркия және Бодрумды қатты жақсы көретінін айтып: «Түркия – менің екінші отаным» деді. Бодрумда концерт берген Отилия жергілікті және шетелдік қонақтарға тамаша кеш сыйлады.



Ұқсас жаңалықтар