Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1204392
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Түркияның отандық соғыс ұшағы 2023 жылы ангардан шықпақ» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир отандық соғыс ұшағыныңF-16 соғыс ұшақтарының орнын алатынын мәлімдеді. Ұшақтың жалпы ерекшеліктерінің белгіленгенін атап көрсеткен Демир «Ұшағымыздың астынғы жүйесі үшін жұмыстар жалғасуда. Ұшағымыз 2023 жылы ангардан шықпақ» деді. Демир бағдарламаның кейбір сатыларында жаңа шетелдік серіктестіктер қосылуы мүмкін екеніне де назар аударды.

Стар газеті «Түркия Шығыс Жерорта теңізінде құқығын қорғайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергия министрі Фатих Дөнмез үлкен және мықты бір Түркия нысанасы аясында жаңа қадамдар басуды жалғастыратындарын атап көрсетті. «Біз бір болайық, тірі болайық! Сол кезде бізді ешкім нысанамыздан шатастыра алмайды» деген министр Дөнмез «Шығыс Жерорта теңізінде еліміздің, ұлтымыздың және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) құқығын қорғадық, бұдан кейін де қорғаймыз» деді.

Ватан газеті «Азиядан Түркияға 466 миллион долларлық инвестиция» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 2018 жылдың наурыз айында шетелдік инвесторлардың 835 миллион доллар деңгейінде жүзеге асқан Түркиядағы тікелей инвестициялары 2019 жылдың бірдей кезеңінде 820 миллион долларға ұласты. Түркияға шетелден тікелей салынған инвестициялар тізіміне қарағанда 466 миллион доллармен азиялық, 342 миллион доллармен еуропалық, 10 миллион доллармен американдық және 2 миллион доллармен африкалық инвесторлар келеді.

Хабертүрік газеті «Тарихи және мәдени күшті туризммен біріктіру керек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мәдениет және туризм министрі орынбасары Надир Алпаслан Түркияның тарихи және мәдениетімен әлемнің теңдесі жоқ байлығына ие бір қазынаның мұрагері екенін атап көрсетті. Адамзат тарихының бұл жерден басталып, қазіргі таңға дейін жалғасқанын түсіндірген Алпаслан аталмыш тарихи серуенде адамзаттың керемет туындыларының осында қалғанын білдірді. Туындыларды қорғау және қолдану тақырыбында өте нәзік қозғалғандарын мәлімдеген Алпаслан осымен байланысты өте ауқымды заңнамалар дайындағандарын және жұмыс жүргізгендерін тілге тиек етті.

Хүррийет газеті «Ирем Яман тарих жазды! 2-ші рет әлем чемпионы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлыбританияның Манчестер қаласында өткен жарыстың соңғы күнінде әйелдер 62 келіде Ирем Яман екінші турда тунистік қарсыласын 9-1, үшінші турда өзбек Феруза Садикованы 28-9 жеңіп, ширек финалға көтерілді. Ширек финалда қытайлық қарсыласын 3-2 жеңген Ирем Яман жартылай финалда француз қарсыласын да жеңіп,  ақтық сайысқа жолдама алды. Ақтық сайыста бразилиялық Каролайн Сантоспен жарысқан түрік таэквондошы қарсыласын 21-7 жеңіп,  әлем чемпионы болды. Ирем екінші рет әлем чемпионы атанған тұңғыш түрік әйел таэквондошы ретінде тарихта қалады.



Ұқсас жаңалықтар