Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1201502
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Министр Чавушоғлунан Сирия мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сирияда режим жасаған шабуылдардың Сочи келісімін бұзғанын атап көрсетті. Чавушоғлу кеше Твиттерден жасаған мәлімдемеде Сирия келіссөз делегациясы төрағасы Наср әл-Хариримен бірге түскен фотосуретті бөлісіп «Режимнің шабуылдары Сочи келіссөздерінің ашық түрде бұзылуы және Астана ережелеріне қарама-қайшы. Атазаң комитеті тақырыбында келісімге жақындадық» деді.

Ватан газеті «Түрік ағымында алғашқы газ 31 желтоқсан күні тасымалданады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда орыс энергия фирмасы ГазПромның Атқару кеңесі төраға орынбасары Виталий Маркелов Түрік ағымы құбыр желісі жобасында алғашқы газды 31 желтоқсан күні тасымалдауға дайындалғандарын білдірді. Орыс газын Түркия және Еуропаға тасымалдайтын Түрік ағымы табиғи газ құбыр желісі әрқайсысы 15,75 миллиард текше метр күшке ие екі желіден тұрады.

Хүррийет газеті «Шетелден келушілер санының артуы күтілуде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Саяхаттау агенттіктері одағы төрағасы Фируз Бағлыкая Муғла қаласының әлемге әйгілі туризм орталықтарының бірі екенін атап, шетелдік келушілер санының артатынын болжады. Бағлыкая 2019 жылдың алғашқы 3 айлық кезеңінде алдынғы жылдармен салыстырғанда маңызды бір арту байқалғанын атап көрсетті.

Йени шафак газеті «Түркия гидроэлектр саласында әлемнің алғашқы 4 елінің бірі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия өткен жылы мың 85 мегаваттық жаңа гидроэлектр энергиясы күшіндегі құрылымымен әлем тізімінде 4-ші орын алды. Өткен жылы 48 ел жалпы 21 мың 800 мегаваттық жаңа гидроэлектр энергиясы күшінде құрылым жасады.

Хабер түрік газеті «Дженнифер Лопес Анталияда концерт қояды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда латын музыкасының әлемге танымал әншісі Дженнифер Лопес 6 тамыз күні Анталияның Серік ауданында концерт қояды. Лопес концертте биылдың жаңа альбомы «Medicine»-ге қоса, араларында «On The Floor», «Aint It Funny», «Love Don't Cost a Thing» атты танымал әндерін де шырқайды.



Ұқсас жаңалықтар