Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы әлемдік және аймақтық жаңалықтарға орын берген.

1137983
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түркия мен Еуроодақ арасында маңызды саммит» атты хабар жариялаған.  Хабарға қарағанда соңғы рет 2015 жылы жиналған Еуроодақ пен Түркия Ортақтық Кеңесі жиналысы 15 наурыз күні өткізіледі. Жиналыс Брюссель-Анкара желісіндегі қарым-қатынастар тұрғысынан маңызды ерекшелікке ие. Саммитте Түркия-Еуроодақ ынтымақтастығы жан-жақты қолға алынады. Анкара Еуроодақпен қарым-қатынастардың болымды түрде қолға алынуын қалайды. Саммит Түркияның Еуроодақ тұрғысынан стратегиялық маңызға ие ортақ және үміткер бір ел болуды жалғастырғаны жөнінде жолдамалар жасайды.

Хабертүрік газеті «Стамбулға 2018 жылы 13 миллионнан астам турист келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбул 2018 жылы 13 миллион 433 мың 101 шетелдік туристті қонақ етті. Өткен жылымен салыстырғанда қалаға келуші турист саны 24 пайыз артты. 2018 жылы қалаға келуші шетелдік туристтерді ұлттарына қарай бөліп қарағанда 1 миллион 71 мың 634 келушімен бірінші орында Стамбулды немістер көп аралған.

Стар газеті «Құлпынай экспорты алдынғы жылмен салыстырғанда %95 артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның құлпынай экспорты 2018 жылы алдынғы жылмен салыстырғанда %95 артып, 12 миллион 283 мың доллардан 23 миллион 975 мың долларға көтерілді. 2017 жылы 13 мың 678 тонна құлпынай экспорттаған Түркия 2018 жылы да саудасын 20 мың 113 тоннаға көтерді. Құлпынай экспортында алғашқы кезекте Ресей, екінші кезекте болса Румыния орын алды.

Хүррийет газеті «Түрік теле сериалдарында көрсетілген мебельдер 179 елге экспортталады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда теле сериал саласы әрі туризмге, әрі экспортқа үлес қосады. Таныту мен жарнамалар туризмге және экспортқа тікелей ықпал етеді. Түркияда жыл сайын 100-ден астам жаңа телесериал өндіріледі. Осы елге сериалдар әлемнің 156 еліне экспортталып, 500 миллион адам тарапынан тамашаланады. Түрік мебель саласы да 179 елге 3 миллиард 134 миллион долларлық экспорт жүзеге асырды. Теле сериалдар мен фильмдерде отандық мебель өнімдерін қолдану экспорт пен туризмге үлес қосуда деген мағынаға келеді.

Йени шафак газеті «Әлем түрік төбетінің ізіне түсті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Аксарай Малаклысы деген атпен танымал төбеттерге Еуропадан Қытайға дейін көптеген елден сұраныс түсуде. Бразилия, Аргентина сияқты елдер де талап еткен Малаклы төбеттері 10 мың бен 30 мың лира арасында сатылады. Салмағы 85-90 кг. шамасындағы Аксарай Малаклысы 1,70 метр биіктігіне дейін өседі. Ірілігі мен бағыныштылығы себепті қойды қорғау үшін таңдалған Аксарай Малаклысы ‘Анадолы арыстаны' деп те аталады.



Ұқсас жаңалықтар