Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1099907
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті Ішкі істер министрлігінің хабарламасына орын берген. Хабар «Соңғы бір аптада 14 террорист залалсыздандырылды» деп аталады. Ішкі істер министрлігі соңғы бір аптада жүргізілген қауіпсіздік операцияларында 14 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді. Олардың екеуі террорлық ұйымның басқарушылары болып саналады.  Жүргізілген операциялар шеңберінде бөлшектеуші террорлық ұйым PKK-мен байланысы бар 598, Фетуллахшы террор ұйымымен байланысы бар 538, террорлық ұйым ДАИШ-пен байланысы бар 17 және солшыл террорлық ұйымдарымен қатысы бар екені анықталған 10 адам қамауға алынды.

Хүрриет газеті қараша айының инфляция көрсеткіштеріне орын берген.  Хабарға қарағанда Түркия Статистика мекемесі қараша айының инфляция көрсеткіштерін жариялады.  Осыған қарағанда қараша айында инфляция 1,44 пайыз төмендеді.  Жылдық инфляция болса 21,62 пайыз ретінде жарияланды.

Ватан газеті «Тікұшақ Пәкістан жолында» деген хабар жариялаған. Түрік Авиация және ғарыш өнеркәсібі Ұжымдық маркетинг және коммуникация төрағасы Тамер Өзмен Пәкістанға Атак тікұшақтарының экспортына бағытталған лицензияны жақында алатындарын айтты.  Оның айтуынша Пәкістанға берілуі керек тікұшақтардың кешіккені жөніндегі жаңалықтар шындыққа жатпайды,  бағдарлама жоспарланғандай түрде жалғасуда.

 Йени  Шафак газеті түрік телехикаяларына байланысты хабарға орын берген.  ТР Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен «Жаужүрек Ертұғрыл», «Паитахт: Абдулхамит», «Бір кездері Чукурова» және «Шұңқыр» секілді телесериалдар Сингапурда өтетін ATF Азия ТВ форумында таныстырылады. Көрмеде 150-ден астам елге жасаған экспортымен 350 миллион долларлық табысқа жеткен түрік телехикая секторының табысы жөнінде бір жиналыс өткізіледі.

Стар газеті түрік садақ ату дәстүрі жөнінде бір хабар жариялаған.  Мәдениет және туризм министрлігі түркі дастаны Қорқыт Ата ЮНЕСКО тізіміне енгеннен кейін енді түрік садақ ату өнерінің де материалдық емес мәдени мұра тізіміне енуі үшін жұмыстанады. Министрлік осы тақырыптағы шешімнің 2019 жылғы комитет жиналысында қаралатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар