Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1068778
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «ТҰҰМ төрағасы Йылдырым Швейцарияда түріктермен кездесті» деген хабарға орын берді. Газет Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Бинали Йылдырым және оның басшылығындағы делегацияның Швейцарияның Лозанна қаласын аралағандарын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Йылдырым бұл жерде түрік азаматтық ұйымдарының өкілдерімен бас қосты. Йылдырым бұл жердегі сөзінде береке-бірлік жөнінде үндеу тастады.

Ватан газеті «ASELSAN СКТР-сына инвестиция салуда» атты тақырып қолданған. Газет Әскери электроника өнеркәсібі ASELSAN-ның Солтүстік Кипр Түрік Республикасында технология саласында салып жатқанын хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда Қорғаныс өнеркәсібінде Түркияның алдыңғы қатардағы фирмасы ASELSAN осы жылдың аяғында Солтүстік Кипр Түрік Республикасында технология орталығын ашады. Ашылатын орталықта Солтүстік Кипр Түрік Республикасында оқып жатқан студенттердің жұмысқа кіре алатынына назар аударған ASELSAN басқару алқасы төрағасының орынбасары Мехмер Челик «СКТР-сымен бірге әлемде ілгері технология өндірген елдер қатарында орын алуды көздеудеміз» деді.

Йени Шафак газеті хабарын «Индонезиядағы зілзала және цунами апатында зардап шеккендерге Түркия қол ұшын беруде» деген тақырыбымен берген. Газеттің хабарына қарағанда  Индонезиядағы зілзала мен цунами апатында үйлерінен айрылғандардың қиыншылықтарын қамтамасыз ету үшін Түркиядан 250 шатыр апарылды. Түрік Қызыл жарты ай қоғамының Индонезияға жәрдем беру делегациясы төрағасы Али Акгүл Түркиядан көптеген шатыр, азық-түліктердің Индонезияға апарылғанын айтты.

Хүрриет газеті «Лондонның ең керемет мейрамханасы белгілі болды. Бұлардың ішінде түрік мейрамханасы да бар» атты хабарға орын берген. Газет әлемнің ең әйгілі экономика журналы Forbes-тің Ұлыбританияның астанасы Лондонда 2018 жылы ашылған ең керемет мейрамханаларды жариялағанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда «Forbes» журналы тарапынан жарияланған ең керемет 5 мейрамхананың ішінде түрік мейрамханасы «Rüya» да орын алды.

Стар газеті «Түркия 54-ші президенттік велосипед турының чемпионы Эдувард Прадес болды» деген тақырып қолданған. Газет Түркияғы 54-ші президенттік велосипед турының аяқталғанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Түркия 54-ші президенттік велосипед турының чемпионы Эдувард Прадес болды.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар