Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1062891
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Түркия африкалық іскерлерді Стамбұлда қонақ етпек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сауда министрі Рухсар Пекджан жас тұрғын саны және бай аймағының қарқынымен Африканың маңызды ынтымақтастық мүмкіншіліктері ұсынғанын атап көрсетті. Пекджан осы аяда үкіметтің 100 күндік іс-шаралар бағдарламасы аясында 2-ші Түркия-Африка Экономикалық және іскер форумын 10-11 қазан күні Стамбұлда жүзеге асыратындарын атап көрсетті. Форумның арқасында құрлық елдерімен экономикалық және сауда ынтымақтастықтарды жоғары сатыға көтеріп инвестицияларды арттыру мақсат етіледі.

Хабертүрік газеті «Отандық гибрид мотордың фабрикасы үшін санаулы күн қалды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Жоба негізді ынталандыру жүйесі аясында қолдау берілген гибрид көлік моторы өндірісіне бағытталған инвестиция жобасының ең маңызды сатысы ретінде алюминийлі қуат фабрикасының іргетасының 19 қазан күні Бурсада қаланатынын атап көрсетті. Варанк «Тұрақты инвестиция көлемі 100 миллион евродан асқан осы жобаның экономикаға 2,3 миллиард доллар үлес қосуы күтіледі. Түркияда алғаш рет алюминий мотор өндіріледі» деді.

Хүррийет газеті «Түркияның тұңғыш иммундық сарысу өндіру зауыты ашылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Эскишехир қаласында құрылған ALBILA (Alternative Biological Laboratories) Иммундық және биологиялық өнімдер фабрикасында шаян уы, иммундық сарысуға айналдырылып, әлемге экспортталады. Косметика мен дәрі-дәрмек өнеркәсібінде қолданылған әлемнің ең қымбат суықтарының бірі ретінде шаянның уы 40 инвестордың басын қосты. Шаянның уынан өндірілетін иммундық жүйенің литр бағамы алғашқы сатыда 10 миллион долларға таяу бағамен экспортталады.

Йени шафак газеті «Аккуюда алғашқы ядролық энергия 2023 жылы өндіріледі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Аккую Атом электр стансасының (Аккую АЭС) алғашқы ядролық энергияны Түркия Республикасының құрылуының 100 жылдығы яғни 2023 жылы өндіруі жоспарланады. Мерсин Аккуюдағы алаңда жұмыстанған қызметкердің 85 пайызы түріктерден тұрады. Алдағы уақытта Аккуюда 10 мың адам жұмыспен қамдалады. Аккую Атом электр стансасы ең жоғары технологиямен жабдықталған бір станса болмақ.

Стар газеті «Түрік ағымының теңіздегі құрылыс жұмыстары 2 айдың ішінде аяқталады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ресейдің Сан-Петербург қаласында ұйымдастырылған халықаралық табиғи газ форумында сөз алған орыс энергия фирмасы ГазПромның төрағасы Алексей Миллер «Түрік ағымы құбыр желісінің теңіздегі құрылыс жұмыстарын 2 айдың ішінде аяқтаймыз. Аяқталған соң 1100 шақырым ұзындығында болатын Түрік ағымы құбыр желісінің 937 шақырымдық бөлігі теңіз арқылы өтеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар