Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1003792
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Маусым айы экспорт көрсеткіштері рекорд жаңартты» атты хабар жариялаған. Түркия Экспортшылар Мәжілісі (ТЭМ) мағлұматтарына қарағанда экспорт маусым айында 2017 жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 5 пайыз өсіп, 12 миллиард 602 миллион долларға ұласты.

Сабах газеті «Қорғаныс өнеркәсібінің маңызды тауарлары Коньяда өндірілмек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әскери электроника өнеркәсібі (ASELSAN) және Конья Қорғаныс өнеркәсібі АҚ ортақтығымен Конья қаласында құрылатын зауытта Түркияға қажетті қорғаныс жүйелері өндіріледі.

Хабертүрік газеті «Анталия туризмінде барлық маусым айларының рекорды жаңартылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда туризмде биыл 14 миллион турист санымен рекорд жаңартқысы келген Анталия барлық маусым айларының рекордын жаңартып, 2 миллион 11 мың 730 турист санына ұласты.

Хүррийет газеті «Еуропалық косметика фирмалары Сұлтан тауы шиесін таңдайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Афионкарахисардың Сұлтан тауы ауданында өсірілген және аймақта «гылли» және «карабаллы» деп аталған шиелер косметика, дәрі-дәрмек пен  азық-түлік өнеркәсібінде қолдану мақсатымен Германия, Ұлыбритания, Бельгия, Франция мен Голландия сияқты Еуропа елдеріне экспорталуда.

Хабертүрік газеті «Гази атындағы ат жарысын ‘Бәріміз бірге’ деп аталған жылқы жеңіп алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 92-ші Гази атындағы ат жарысында шабандозы Ахмет Челик болған 'Бәріміз бірге’ деген ат 2.29.67 секундтық дәрежемен жеңіске жетті.



Ұқсас жаңалықтар