Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

883565
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Темір шіркеу халықаралық қоғамға бір жолдама» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған жөндеуден өткен Балаттағы Темір шіркеудің ашылу рәсімінде маңызды мәлімдемелер жасады. Ердоған баяндамасында «Бұл кезеңде Болгарияның басқаша бір тұғыры бар. Еуроодақ кезекті төрағалық міндеті оларға табыс етілді. Осындай бір кезеңде бұл ашылу рәсімінің жасалуы халықаралық қоғамға берілген бір жолдама ретінде бағалаймын» деді. Ердоған «Стамбұл - әртүрлі діндер мен мәдениеттердің бір ортада бейбіт өмір сүретін қаласы екенін тағы бір рет көрсетті» Бір жақта патриархтық, бір жақта Темір шіркеу. Арасы 200-250 метр қашықтықта» деді.

Хабертүрік газеті «Алдынғы нысанамыз инфляцияны бір санды көрсеткішке шегеру» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда вице-премьер Мехмет Шимшек «Инфляцияның қайтадан төмен қарай бір қалыпқа келтірілуі маңызды нысанамыз» деді. Шимшек Газиантепте айтқан сөзінде «Инфляция төмен қарай бет алды. Қосымша талпыныстармен мұны бір санды көрсеткішке шегеру үшін тығыз жұмыстанамыз» деді.

Стар газеті «Ерте резервациялар артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 2017 жылы ес жинаған туризм саласы жаңа сезонға ауқымды резервациялармен кірді. Түркияға қайта орала бастаған еуропалық туристтің резервациясы 20 пайыз артты. Жергілікті туристке бағытталған резервациялар болса 60 пайызға ұласты. ETS Бас директорының орынбасары Суат Өзбек ішкі нарықта ерте резервациялардың 60 пайыз артқанын, Еуропа нарығында болса 20 пайыз өсу байқалғанын атап көрсетті.

Йени шафак газеті «Сарыкамыш шәйіттері еске алынды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сарыкамыш шайкасының 103 жылдығына орай Карста ‘Түркия шәйіттерімен жүреді’ деген іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шаралар аясында Жастар және спорт министрі Осман Ашкын Бак пен Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Ахмет Арсланға қоса көптеген қаладан, тіпті шетелден келген жас, қария мыңдаған адам бас қосты. «Жастар ата-бабалардың ізінде» тақырыпты шеруге қатысқандар шайқас кезінде көптеген әскер шәйіт болған Кызылчубук шыңында жиналды. Осында Құран оқылып, дұғалар етілді. Іс-шаралар аясында тек қана Карста емес, шәйіттер Түркияның барлық қалаларында еске алынды.

Хүррийет «Ұстазды шығарып салдық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік киносының атақты тұлғасы Мүнир Өзкул 93 жасында дүниеден озды. Түрік киноматографиясында өшпес із қалдырған Өзкул көп уақыттан бері үйінде емделіп жатқан болатын. Стамбул қаласында 1925 жылы дүниеге келген актер 1940 жылы Стамбул лицейінде оқып жүріп, театрда ойнай бастады. Актер Стамбул Қала театры және Анкара Мемлекеттік театрымен қоса жеке меншік театрларда да қызмет атқарды. Өзкул «Канлы Нигар» спектакліндегі ролімен 1968 жылы Илхан Искендер сыйлығын алды. Мәдениет министрлігі 1998 жылы «Мемлекеттік өнер қайраткері» атағын берді.



Ұқсас жаңалықтар