Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

741991
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Сүңгуірде неміс серіктестігі» атты хабар жариялаған.  Хабарға қарағанда, Түркия мен Германия қорғаныс өнеркәсібінде ірі серіктестікке дайындалуда. Индонезияның сүңгуір кеме мұқтаждығын қамдау мақсатымен ашылған тендерге немістің TyssenKruup серіктестегімен кірген Қорғаныс технологиялары инженерлік және сауда компаниясы тендерден жеңіп шыққан жағдайда,  республика тирахының қорғаныс саласындағы ең ірі экспорт жобаларының бірін жүзеге асырады.  Түркия мен Германияны серіктестікте бас қостырған жоба аясында Индонезия Теңіз күштері үшін 6 дана сүңгуір кеме жасау көзделіп отыр.  Жобаның құны 3 миллиард евро деп көрсетілуде. Келісім аясында бір немесе екі сүңгуірдің Түркиядағы Гөлжүк кеме жасау зауыдында жасалуы,  қалғанының Индонезияда жасалуы жоспарлануда.  Әуеден тәуелсіз жүйеге ие болатын сүңгуір кемелердің электрондық қару жүйелерінде Аселсан,  Хавелсан сында компаниялар міндет атқарады.

Стар газеті Африкаға байланысты бір хабарға орын берген.  Хабарға қарағанда құрғақшылық Африканы меңдеп барады.  Түркия Дін істері Фонды Исламның алғашқы көшкендеріне құшақ жауған Король Неджашидің ұқпақтарын ұмытпады.  Түркия Дін істері фонды Эфиопияның Афар уәлаятының Асиата қаласында 1500 отбасыға рамазан айында 40 мың тонна азық-түлікпен көмектесті.  Фонд ретінде рамазанда «Менің үстімде бауырымның хақы бар» деген ұранмен 65 ел және 278 аймақта іс атқарғандарын білдірген ТДФ жоба басқарушысы Юксел Сезгин Неджаши әзіретінің ұрпақтарына қарыздарын өтеу үшін әдейі Асиата қаласына келгендерін айтты.

Хабертүрік газеті «Атақты үнді тойларының жаңа мекені – Анталия» деген хабар жариялаған.  Үндістанның бай және атақты отбасылары үшін маңызды болып табылатын той енді өз елдерінде емес, шетелдерде өтуде.  Салтанатты, көркем үнді дәстүрлері толықтай орындалатын тойлар үшін таңдалған елдер арасында Түркия да бар. Бюджеті миллион доллардан асатын,  қаражатын да келін көтеретін үнді тойлары үшін Анталия есігін айқара ашты.

Хүрриет газеті «Нью-Йоркта концерт» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда виолончель шебері Чаг Ерчагдың атағы шетелге асты.  Жас музыкант әлемге танымал дирижер Алан Гилберттің қоштасу концерті үшін Нью-Йоркқа барады. Ерчаг 8-9 маусым күндерінде «Ұйымшылдық концертінде» Нью-Йорк филормония оркестрі құрамында болады.

Сабах газеті басқа бір мәдениет саласы хабарына орын берген. Жаңа маусымда кино сүйер қауыммен табысуға дайындалған «Пошта жәшігі» атты фильм премьерасын 20-шы Халықаралық Шанхай фильм фестивалінде өткізеді. Қытайдың Шанхай қаласында бірінші рет көрсетілетін фильм жүздеген фильм арасынан таңдалды. Түрік режиссер Барыш Кырымшелиоғлуның фильмі жалғыз арманы әскерлік борышын өтеу болып табылатын Адемнің балалық шағының досы Нихатпен бірге басынан өткендерін баяндайды.



Ұқсас жаңалықтар