Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және Түркия жайлы жаңалықтарға орын берген.

694887
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Маскалы кеш енді аяқталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған соңғы күндері Еуропада Түркияға бағытталған күрестің жаңа бір сатыдан өткенін атап көрсетті. Ердоған «Қазірге дейін қару бергендері, арқа шыққандары террор ұйымдарымен, бір долларға сатып алғандары тыңшылар арқылы бізді тұншықтырғысы келгендер енді тікелей өздері алаңға шықты. Маскалы кеш аяқталды. Дипломатияның өзі бір шетке тасталды. Ниеттерін жасырмайды. Бізге жасырын түрде күш қолдануға ниеттенгендерге айтарым, ‘Сол кездер артта қалды’. Бұл ұлтқа ешкім тізе бүктіре алмайды» деді.

Стар газеті «Германия қанды террор ұйымына мейірімді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әділет министрі Бекир Боздағ Германияда ПКК террор ұйымының шеруіне рұқсат берілумен байланысты «Тағы бір рет айыптаймын. Бұл демократиямен, сөз еркіндігімен, жиналыс құқымен түсіндірілетін жайт емес. Әлемнің ешбір жерінде террористтер, террор ұйымдары, қолынан қан тамғандар үшін ешбір демократиялық құқық мемлекетінде мұндай жағдай жасалмайды» деді. Боздағ Германияның FETÖ, PKK және DHKP-C террор ұйымы мүшелері мен басқа да террористтер үшін «сенімді бір порт» ретінде қабылданғанын атап көрсетті.

Хабертүрік газеті «Жер мен аспан шәйіттер үшін жарықтандырылды, он мыңдаған адам Дарданелде басқосты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Шәйіттерді еске алу күні және Дарданел теңіз жеңісінің 102 жылдығы кеше керемет іс-шаралармен атап өтілді. Еске алу аясында қалаға барған он мыңдаған адам азанғы уақыттан бастап, Галлиполь түбегіндегі тарихи жайда орын алған Шәйіттер ескерткішіне келді. Түрік әуе күштерінің акробаттық тобы Түрік жұлдыздарының Дарданел бұғазының көгілдір аспанындағы тамашасы тәнті етті. Кешкі уақытта болса Шамшырақ шеруі ұйымдастырылып, атылған фейерверктер Дарданел бұғазын жарықтандырды.

Йени шафак газеті «Орыс байларына Түркиядан арнайы ұшақ» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның жекеменшік авиация саласын таңдаған арабтарға биыл комфортты жақсы көретін бай орыстарда қосылады. «Plures Air» атқару  кеңесі төрағасы Дженк Гөкан өткен жылы демалысын Түркияда өткізген Таяу Шығыс, Шығанақ елдері және Солтүстік Африкадан келген бай араб туристтердің жекеменшік түрік авиация саласын таңдағанын атап, «Биыл жазғы маусымда комфортты жақсы көретін бай орыс туристтерді соңғы технологиямен қамтамасыз етілген ұшақтарымызбен тасимыз» деді.

Ватан газеті «Сүйіспеншілік ұшағы көтеріледі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Африканың ең кедей елдерінен және соңғы жылдардың ең үлкен қуаңшылық пен ашаршылық қаупімен бетпе-бет қалған Сомали үшін Голливуд жұлдызы Бен Стиллер басшылық жасаған танымал тұлғалар әлеуметтік медиада «Сүйіспеншілігімізді апарыңдар» ұранымен жәрдем акциясы бастады. Түрік әуе жолдары қолдау берген акция миллиондаған адамға ұласты. 60 тонна жәрдемді таситын Түрік әуе жолдарының ұшағы 27 наурыз күні Могадишоға қонады. Твиттерда көптеген адам Түрік әуе жолдарына ризашылығын білдіріп, «Енді сізбен ұшамын» деп мақтанышын көрсетті. Түрік әуе жолдары болса «Сомалиді жақсы көреміз» деп жауап жазды.



Ұқсас жаңалықтар