Түрік баспасөзіне шолу

Голландияның түрік министрлері мен азаматтарына қарсы ұстанымы баспасөзде кең орын алды.

690193
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Президент Ердоған: Ең ауыр қарсылық беріледі» атты хабар жариялады. Хабарға қараған Голландияның түрік саясат қайраткерлеріне қарсы фашистік қысымдарына қатаң наразылық көрсеткен президент Ердоған «Сайлау уайымымен ынтымақтастығымызды жойғың келсе,  осы үшін өкінетін боласыңдар. Әлі не жасайтынымызды көрген жоқсыз. Мұны жауапсыз қалдырмаймыз. Менің министріме, депутатыма бұл жиренішті әрекеттерді жасағандар өкінетін болады. Менің азаматтарымның үстіне жылқыларын, иттерін жібергендер ең ауыр қарсылықты көреді» деді. Сәрсенбі күні Голландияда өтетін жалпы халықтық сайлауға назар аударған Ердоған Голландиядағы 250 мың түрікке қарсы бұл ұстанымды көрсеткендерге түрік сайлаушысының қажетті жауапты сандықта қайтаратынын атап көрсетті.

Хабертүрік газеті «Чавушоғлу: Кешірім сұрау жеткіліксіз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Францияның Мец қаласында сол елде өмір сүрген түріктермен басқосқан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрі Фатма Бетүл Саян Каяның Голландия полициясының Роттердамда түрік консулдығына кірде алдының тыйылуын Вена келісіміне қарама-қайшы екенін атап көрсетті. Консулдықтың түрік жері екенін атап көрсеткен Чавушоғлу Түркияның бір министрінің консулдыққа кіруіне рұқсат етілмеуінің, бас консулдық қызметкерлерінің консулдықтан көшеге шығуына кедергі жасалуының толығымен нәсілшілдік, ислам дұшпандығы және еркіндіктерге қарама-қайшы екеніне назар аударды. Голландияның бұл ұстанымы себепті кешірім сұрауының жеткіліксіз екенін атап көрсеткен Чавушоғлу Голландия өкілетті елшісінің де 2 күн бұрын Түркиядан кеткенін, қайтып келуін қаламағандарын голландиялық мекемелерге жеткізгендерін білдірді.

Сабах газеті «Барлық еркіндіктер тоқтатылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрі Кая Голландияда бастан кешкен ұятты түсіндірді. «Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан төтенше жағдай жарияладық» деп сынға алғандар бір түннің ішінде төтенше жағдай жариялады» деген министр Кая әрі дипломатиялық, әрі гуманитарлық ешбір әрекетке жараспайтын бұл ұстанымды бүкіл халықаралық қоғам тарапынан айыпталу керектігін атап көрсетті.

Хүррийет газеті «Жауыздық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлун елге кіргізбеген, Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрі Фатма Бетүл Саян Каяны шекарадан шығарған  Голландияғанаразылықтар жалғасуда. Полицияның сол күні түнде наразылық шеруге шыққан түріктерге жасалған жауыздыққа бүкіл әлем қарап отырды. Полицияның ереуілшілердің үстіне жылқыларын айдауы, иттерге талатуы, таяқ және қысымды су қолдануы нәтижесінде кем дегенде 7 адам жараланды, 12 адам тергеуге алынды.

Ватан газеті «Адамгершілік жерге түсті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияға үздіксіз адам құқықтары сабағы берген Еуропаның кіндігінде қолына жалау алып шыққан түріктерге Голландия полициясы иттермен шабуылдады. Жылқыларға мінген полиция болса ереуілшілерге таяқпен қарсылық көрсетті. Көптеген түрік азаматы ауруханаға түсті.



Ұқсас жаңалықтар