Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

666092
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «ДАИШ-ке іште және сыртта үлкен операция: Өлтіретін соққы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ДАИШ террор ұйымына қарсы ықпалды түрде күресетін Түркия операцияларын жылдамдатты. Террор ұйымына Сирия мен ел көлемінде ауыр соққы берілді. Стамбұл, Анкара, Измир және Шанлыурфадан бастап 28 қалада жүздеген ұйым үйіне операция жасалды, операцияда 690 адам тергеуге алынды. Сирияда болса ұйымның Әл-Бабқа «губернатор» ретінде тағайындаған «Әбу Халид Иордани» өлтірілді. Бас Штаб Басқармасы төрағасы, армия генералы Хулуси Акар болса Құрлық және Әуе күштері қолбасшылықтары мен Газиантеп және Килистегі жасақтарды тексерді. Генерал Акар аймақтағы қолбасшылықтардан Евфрат қалқаны операциясы және террормен күрес операциялары жайлы мағлұмат алды.

Стар газеті «Палестинада түрік инвесторға дайын фабрика» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның экономикалық бастамасында Израильмен еркін сауда келісімі жаңартылады. Бұл аяда Палестинаны жұмыспен қамтамасыз етеді. Дженин қаласында түрік іскерлері даын фабрикалар сатып алып, «Made in Filistin» маркалы өнімдер өндіреді. Дженинде текстил мен ауылшаруашылығы өнеркәсібінен бастап, «Иерусалим тас өндірісі, егіншілік аппараттары, зәйтүн майы және дәрі-дәрмек» алаңдарында маңызды инвестициялар жоспарланады. Түркияны өнеркәсіп аймақтарына бағытталған жұмыстарының артынан Орталық Азия, Таяу Шығыс және Шығанақ елдері де Түркияның өнеркәсіптік аймақтар тәжірибесінен пайдалану үшін Түркия палаталар және биржалар одағының (TOBB) есігін қағады.

Ватан газеті «Рекордтар жаңартады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұлдың 2000 жылы 8,5 шақырым болған метросы, 2023 жылы Нью-Йорктың артынан әлемнің ең ұзын желісі болмақ. 17 жыл бұрын Таксим-Левент метросы ашылған кезде Стамбұл метросы Нью-Йорк, Париж, Мәскеу сияқты қалалардың өрмекші желісіне ұқсас метро карталарымен салыстырылатын. Қазір болса жағдай өзгерді. 8,5 шақырымдық желі қазір 150 шақырымға ұласты. Қазір 156 шақырымдық желінің құрылыс жұмыстары да жалғасуда. 2019 жылы Стамбұлға 489 шақырым теміржолы төселеді. 2023 жылғы нысана болса, 1000 шақырымдық теміржолы желісі аяқталған кезде Стамбұл, Нью-Йорктың артынан екінші орынға көтеріледі.

Хабертүрік газеті «Актив қорының Қазынасы мемлекеттен» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Зираат банкі, Биржа Стамбұл (BİST), Түркия мұнайлары АҚ Ортақтығы (TPAO) және Құбыр желілері мен Мұнай тасымалдау АҚ (BOTAŞ) да бар кейбір мемлекеттік инвестициялардың акциялары Актив қорына аударылды. Түркия Актив Қоры аталмыш фирмаларды Министрлер Кеңесі тарапынан бекітілетін Стратегиялық Инвестиция жобасы аясында басқарылады. Актив қорын басқаратын басшылар да анықталды. Қордың атқару кеңесі құрамында қор басшылығына Мехмет Бостан, мүшеліктерге Йигит Булут, Керем Алкин, Химмет Карадағ және Орал Ердоған тағайындалды.

Сабах газеті «Неміс Der Spiegel журналы ақыры ФЕТӨ-ні ұқты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ақыры немістер де ФЕТӨ шындығын мойындауға мәжбүр болды. Неміс «Der Spiegel» журналы Фетуллахшы террор ұйымының (FETÖ) қаншама қауіпті бір ұйым екеніне қанағаттанды. Түркия да ниеті әшкереленген ФЕТӨ басшысы Фетуллах Гүленді «Күдікті тұлға» ретінде таныды. Ұйымы болса «арам пиғылды» деп бағаланды. Журнал жылдардан бері мемлекеттік мекемелерге дендеп енген FETÖ мүшелерінің қолдағы жауапкершіліктері мен күштерін жамандыққа қолданып, өздерін байытып, оларды сынға алғандарды жүйеден тыс қалдырғанына назар аударды және Германиядағы жұмыстары жайлы ескерту жасады.



Ұқсас жаңалықтар