Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

654886
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Орыс және ағылшын соғыс ұшақтары Әл-Бабта ДАИШ-ті бомбалады» атты хабар жариялады. Хабарға қарағанда Бас Штаб Басқармасы ДАИШ террор ұйымымен күрес аясында Түркия мен Ресей арасында қол қойылған келісім-шартқа сәйкес орыс ұшақтарының Әл-Баб ауданының оңтүстігінде анықталған нысаналарды жойғанын жариялады. Орыс армиясынан генерал полковник Сергей Рудской болса, Ресей мен Түркияның Сирияда ДАИШ террор ұйымының нысаналарына әуе операциясы жасағанын атап, табысты нәтиже алғандарын атап көрсетті. Коалиция күштері құрамындағы Ұлыбритания да Әл-Бабқа әуе операциясы жасады.

Сабах газеті «140 миллиард долларлық Катар мүмкіншілігі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік фирмаларына Катардан инвестиция келді. 2022 Әлем кубогі үшін 140 миллиард долларлық инвестиция салатын Катар түріктерге әртүрлі инвестиция және ынтымақтастық жеңілдігі жасайтынын жариялады. Түркия Биржалар және палаталар одағы төрағасы Рифат Хисарджыклыоғлу мен баспасөз жиналысы өткізген Катар Сауда және өнеркәсіп палатасы төрағасы Шейх Халифа ибн-Жасим ал-Тани «Кіші және орта мөлшерлі өнеркәсіпті жетілдіруді нысанаға аламыз. Бұл тақырыпта Түркия өте табысты бір ел. Ынтымақтастық жасауды үміт етеміз» деді. Тани түрік фирмаларының 140 миллиард долларлық инвестициядан үлес ала бастағанын да атап көрсетті.

Ватан газеті «Тұңғыш отандық фрегаттың құрылысы басталады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның тұңғыш отандық фрегатының құрылысы бүгін өтетін рәсіммен басталмақ. Фрегаттың алғашқы балқытып біріктіруі Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык және Теңіз күштері қолбасшысы адмирал Бостаноғлу тарапынан жасалады. 113 метр ұзындығындағы фрегаттың құрылыс жұмыстары 3 жыл 10 айдың ішінде аяқталмақ. Қайықтың 2021 жылы табыс етілуі күтіледі. «Стамбұл» деп аталатын кеме Стамбұлдан Сомали немесе Йеменге дейін жанармай құймай бара алатын болады. Фрегаттың отандық оқ-дәрілері де назар аударатын болады.

Стар газеті «1915 Чанаккале көпіріне алпауыттар үміткер» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Ахмет Арслан Дарданел бұғазына салынатын «1915 Чанаккале көпірі» үшін 4 жапондық, 3 қытайлық, 2 кореялық, 1 италияндық барлығы 24 фирманың дендер папкасы сатып алғанын білдірді. Аслан Түркия тұрғысынан аса маңызды және Республиканың 100 жылдығына ашылатын көпірдің 2 мың 23 метрлік аяқтары арасындағы ұзындығымен әлемнің ең үлкен жобасы екені атап көрсетті.

Хүррийет газеті «50 жылдан кейін үйіне оралды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ағылшын Тельма Бишоп 1960 жылдары Измирде ежелгі Эфесте сатып алған ыдыстың б.з.б. 3000 жылына тән екенін үйренген соң Түркияға кері қайтарды. Ежелгі ыдыс Анкарадағы Анадолы өркениеттері мұражайында көрмеге салынады. Ыдыстың Анадолыдағы Йортан мәдениетіне тән оригинал қола дәуірі жәдігері болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар