Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кебір жаңалықтарға орын берген.

626181
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті президент «Режеп Тайып Ердоғаннан Германияға Бахчекапылы наразылығы: Қажетті жауапты еселеп қайтарамыз» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған президенттік сарайда ауыл басшыларымен бас қосты. Президент Ердоған Германияда қонған қонақүйде паспорт пен куәлігін ұрлатқан Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төраға орынбасары Айшенур Бахчекапылыны әуе жайда бірнеше сағат күткізген неміс полициясына наразылық көрсетті. Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төраға орынбасары Айшенур Бахчекапылыға Германия әуе жайында жасалған әрекетке наразылық көрсетті. Президент Ердоған Германияға еселеп жауап қайтарылатынын атап айтты. Ердоған президенттік сарайда өткен 31-ші ауыл басшылары жиналысында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасының орынбасары Айшенур Бахчекапылыға жасалған әрекет күн тәртіпке келді. Президент Ердоған «Сен террористтерді қабылдап, елінде күтесің. Бірақ бұл елдің Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төраға орынбасары және делегацияны кеден қақпасында бірнеше сағат ұстайсың. Қазір оларға да бұл әрекетті жасау керек емес пе? Одан кейін ‘Ердоған диктатор’ дейді. Сен менің Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төраға орынбасарыма бұл әрекетті жасасаң, мен де осында сондай әрекетке рұқсат етуім керек. Егер барлық қызметкерлерің үшін шара қолданбайтын болсаң, Түркия да осыған еселеп жауап қайтаруға міндетті» деді.

Ватан газеті «Бахчекапылы: Қара дипломатиялық паспортыма қарамастан мені босқын орнына қойды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мәжіліс төрағасының орынбасары Айгенур Бахчекапылының Кельн әуе жайында күткізуі Анкараны ашуландырды. Германияның Анкара өкілетті елшісі сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Әділет және даму партиясы депутаты Айшенур Бахчекапылы Германияда бастан кешкендерді түсіндірді. Бахчекапылы «Мен Германияға Еуропа парламенті мүшесі ретінде кірдім. Алайда маған ‘Сіз осы жерге қалай келдіңіз? Паспортыңыз бар ма? Визаңыз қайда’ деп сұрақ қойып отырды. Демек бар болғаны себепті келдім. Яғни депутат екеніме қарамастан мені босқын орнына қойды. Өзіме жасалса да, өте ұят нәрсе. Адам құқықтары, адамды жақсы қарсы алу, жәбірлеуге рұқсат берілмеуі сияқты тақырыптар Еуроодақтың жаһандық құндылықтары. Осындай қылық көрсетілуі жараспайды. Оған қоса мен депутатпын. Мен осыны түсіндірдім, бәрібір осылай ұстаным көру өте өкінішті. Мемлекетімнің бұл әрекетке қарсы тік тұруы мені қуантты» деді.

Хүррийет газеті «Еуроодақ Түркиясыз қауіпсіздік қамтамасыз етілмейді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Бинали Йылдырым Ресей сапарында Еуроодақ тақырыбы жайлы «Еуроодаққа мүшелік ұсынысымызды кері қайтару туралы бір шешім қабылданған емес. Еуроодақтың біз үшін емес, бірақ өздері басқан қадамдарды жақсы ойлануы керек. Еуроодақтың болашағы мен қауіпсіздігі Түркиясыз мүмкін емес. Бұл шешімді қабылдаған кезде нәтижесін жақсы ойланулары керек» деді.

Хабертүрік газеті «Тұңғыш отандық электр жүйелі автобус жолға аттанды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда орталығы Түркия болған автокөлік фирмасы «TEMSA» және түрік қорғаныс өнеркәсібінің көшбасшысы ретінде «ASELSAN» ортақ өндіретін «Avenue EV» моделінің 2017 жылы жолға аттанатыны жарияланды. Электр қуатымен « Avenue EV» 8 минутта толық қуатпен жұмыс істей алады. Және 50-70 шақырым жол жүреді. Келешекте электрлі көліктердің міндетті болатынын түсіндірген Ғылым, өнеркәсіп және технология министрі Фарук Өзлү «Жылдың алғашқы 10 айында автокөлік экспортымыз даналық тұрғыдан 12 пайыз артты. Доллар мен евро бағасымен 10 пайыз өстік. Бұл көрсеткіштер автокөлік саласының қаншалықты мықты екенін көрсетеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар