Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

595773
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Досым Путиннің қолдауы маңызды» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған орыс Россия-1 телеарнасында Михаил Гусманның «Формула власти» атты бағдарламасына қонақ болды. Таяу Шығыстағы террормен күрес кезеңіне тоқталған Ердоған «Бұл аймақта террорға қарсы ортақ күресте құрметті досым Путиннің қолдауы қажет. Бұл салада Ресей мен ынтымақтастығымыз үшін біз қажетті қадамдарды басуға дайынбыз» деді. Фетуллахшы террор ұйымының (FETÖ) төңкеріс бастамасына назар аударған президент Ердоған «Оқиғалар кезінде екінші күні Путин маған телефон шалды. Әңгіме барысында төңкеріске қарсы екендерін айтып, бізді жақтағандарын білдірді. Өзім және түрік халқының атынан  бұл принципті ұстанымын еске түсіріп алғысымды айтамын» деді.

Хабертүрік газеті «Мосулға құрлықтан тұңғыш қолдау: Түрік қарулы күштері атқылады Башика тазаланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ДАИШ террор ұйымын жою үшін АҚШ, Ирак арнайы жасақтары, Ирак Күрд аймақтық әкімшілігіне қарасты пешмерге және коалиция күштері бастаған Мосул операциясының 7-ші күнінде пешмерге қозғалды. Кеше азанғы уақытта пешмерге Башика ауданы мен Неваранды ДАИШ-тен азат ету үшін операция бастады. Имам Рыза ауылында қақтығыстар шоғырланды. Түрік әскері қоныстанған базаға жақын қашықтықтағы қақтығыстардың артынан пешмерге Башиканың ДАИШ-тен тазаланғанын және бақылауға алынғанын жариялады.

Хүррийет газеті «Батылдығыңызды құрметтеймін» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Бүгін Анкарада жүзеге асатын байланыстары алдында Франция Сыртқы істер министрі Жан-Марк Эро Анкарада түрік демократиясының символы болған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне (ТҰҰМ) зиярат жасап, 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетіне қарсы тойтарыс беру және демократияны қорғау үшін көтерілген түрік халқының батылдығын құрметтегенін атап көрсетті. 15 шілде оқиғасының толығымен шок екенін атап айтқан қонақ сыртқы істер министрі Түркияның төңкеріс әрекеті жауапкерлерін әділет алдына шығару үшін басқан қадамдарын түсінгендерін білдірді.

Йени шафак газеті «Қосылған құнға салынған салықты жобалау көрмесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Экономика министрлігі мен Түркия Экспортшылар Мәжілісі бірге ұйымдастырған жобалау күшімен қосылған құнға салынған салықты экспорттауды арттыру және Стамбұлды жаһандық жобалау орталықтарының біріне айналдыруды қамтамасыз ету мақсатты биыл алғашқысы ұйымдастырылған Түркия жобалау апталығы «Design Week Turkey» назар аударды. Стамбұл Лүтфи Кырдар халықаралық конгресс және көрме сарайында 19-23 қазан күндері ұйымдастырылған іс-шарада өнеркәсіптік жобалау, мода және көрнекі байланысты жобалауда халықаралық көптеген тұлға бас қосып конференциялар, әлемге танымал көрмелер және Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен инновациялық жобалар арқылы болашаққа үлес қосты.

Ватан газеті «Eczacıbaşı VitrA бірінен соң бірі екінші рет әлем чемпионы аталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Eczacıbaşı VitrA» волейболдан әйелдер клубтар әлем чемпионаты финалында «Поми» Казальмаджоре (Pomi Cassalmaggiore) командасын 3-2 жеңіп чемпион болды. Өткен жылы да жеңімпаз аталған «Eczacıbaşı VitrA» бірінен соң бірі екінші рет чемпиондыққа қол жеткізді. 2010 жылы Фенербахче, 2013 жылы Вакыфбанк, 2015 және 2016 жылы болса «Eczacıbaşı VitrA» командасының жеңістерімен чемпион болған Түркия 4-ші рет алтын медальға қол жеткізіп, Бразилиямен бөліскен «Әйелдер әлем клубтары волейбол чемпионатының ең табысты елі» атағын да иеледі.



Ұқсас жаңалықтар