Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасына қатысты жаңалықтарға кең орын берген.

534253
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Тыныш күштің 15 шілдедегі жеңісі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған әлемде ешбір басшы қаламайтын 15 шілде төңкеріс бастамасының қиын шарттарында нағыз басшы екенін көрсетті. Ердоған елді қорқынышты жағдайдан тыныштығын бұзбай алып шықты. Президент бүкіл осы кезеңнен ашуланатын кезде ашуланып, тыныштық сақтайтын кезде сабыр сақтап, ешбір қате жасамай бұл кезеңді басқарды. Бүкіл партиялардың мүшелері үкіметтің де сол күні түңгі уақытта қиын шарттар астында үлкен батылдық, тұрақтылық және мықты бір басшылық ортаға қойғанын айтады.

Сабах газеті «Ешкім төтенше жағдай шешімін қате түсіндірмекші болмасын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Төтенше жағдай режимінің әлемде көптеген үлгісі бар. Әсіресе террор ұйымдары Әл-каида және ДАИШ террор ұйымы сияқты жаһандық террор ұйымдарының пайда болуымен батыс әлемінде жиі кездесетін бір саяси шешім әдісі. Мысалы 2015 жылы 13 қараша күні Парижде жасалған террор шабуылдары нәтижесінде Франция үкіметі төтенше жағдай шешімі қабылдаған болатын. Бұл шешім бүгін 4-ші рет созылып отыр. Жалпы 14 айға жалғасатын бұл жағдай француз халқын мазаламайды. Бұған ұқсас бір жағдай да АҚШ-та бар. Қазан айында Хоакин дауылы себепті Оңтүстік Каролина штатында президент Барак Обама төтенше жағдай жариялаған болатын.

Стар газеті «Батыс медиасының уайымдары артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда батыс медиасы Фетуллахшы террор ұйымының (FETÖ) қанды төңкеріс бастамасымен Түркия демократиясын қорқытуын көрместен келіп, төңкерісті маңызсыз сияқты көрсеткісі келеді. 15 шілдедегі FETО-ның төңкеріс бастамасының табыссыз аяқталуының артынан батыс медиасында оқиға күнімен байланысты қақтығыстардың орнына президент Режеп Тайып Ердоған және үкіметті нысанаға алған авторитарлық қауіп айыптаулары орын алды. Батыс баспасөзі және батыс газеттерінің танымал авторларының төңкеріс бастамасы күні жүздеген шәйіт берілген қорқынышты сәттерді тақырып қылатын хабар мен хикаяларға орын беруді таңдағандары байқалады.

Ватан газеті «Халықаралық несие бағалау мекемесі «Fitch»-тің түрік банктерінің іргетасы мықты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық несие бағалау мекемесі «Fitch Ratings»-тің зерттеу директоры Джеймс Ватсон төңкеріс бастамасына қарамастан түрік банктерінің әлі сенімді екендерін атап көрсетті. Ватсон 19 тамыз күні Түркияға қатысты несие бағасы мен көріністі қолға алатындарын мәлімдеді. «Fitch» төңкеріс бастамасының артынан жасаған мәлімдемеде Түркияның несие бағасына болуы ықтимал ықпалдардың саяси және экономикалық жаңалықтарға қарасты екенін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар