Тарихта 7 желтоқсан

Тарихта бүгін

1317457
Тарихта 7 желтоқсан

1941 жыл... Жапония АҚШ-қа шабуылдады.  АҚШ-тың Перл-Ха́рбордағы флотына жапондар басқын жасады.  Басқында 19 әскери кеме батырылып, 200 әскери ұшақ қиратылды.  2400 адам қаза тапты. АҚШ Жапония мен Германияға соғыс жариялап,  Екінші дүниежүзілік соғысқа қосылды.

**

1956 жыл... Түрік әдебиетінің маңызды романдарының бірі «Бозторғай» романының авторы Решат Нури Гүнтекин 67 жасында дүниеден озды.

**

1973 жыл... Ислам Даму банкі құрылды.  Орталығы Джиддада болып табылатын банк артта қалған Ислам елдеріне қаржылай көмек береді.

**

1983 жыл... Мадрид әуежайында екі жолаушы ұшағы соқтығысты. 93 адам қаза тапты.

**

1988 жыл... Арменияда 7,1 балдық жер сілкінісі болды. 25 мыңнан астам адам қаза тапқан жер сілкінісінде 150 мың адам жарақат алды. 400 мың адам баспанасыз қалды.

**

2017 жыл... «Айла» фильміне арқау болған Корея соғысы ардагері Сүлейман Дилбирлиги Стамбулда көз жұмды.

**

2017 жыл... 65 жылдан кейін Түркиядан президент деңгейінде Грекияға бірінші сапарды президент Режеп Тайып Ердоған жүзеге асырды.



Ұқсас жаңалықтар