Тарихта 24 шілде

Тарихта бүгін

1241054
Тарихта 24 шілде

24 шілде 1793 жыл... Оңтүстік Американың Испаниядан тәуелсіздігін алуына басшылық жасаған Симон Боливар өмірге келді.

**

24 шілде 1908 жыл... ІІ Конституциялық монархия жарияланды.  29 жылдан бері күтіп тұрған Османлы атазаңы қайта күшіне енді.

**

24 шілде 1915 жыл... Чикагода жолаушы кемесі батты. 845 адам қаза тапты.

**

24 шілде 1923 жыл... Түркияның бүгінгі шекарасын анықтаған, Анкараның Түркияның заңды үкіметі ретінде халықаралық салада танынуын қамдаған Лозанна Бейбітшілік келісіміне қол қойылды.

**

24 шілде 1959 жыл... Иракта мың шақты Киркук түрікменінің өлтірілгені жарияланды.

**

24 шілде 1974 жыл... Грекияда жеті жылдан бері жалғасқан хунта әкімшілігі аяқталды.  Айдаудағы Константин Караманлис үкіметті құру үшін қайта келді.

**

24 шілде 1977 жыл... Төрт күндік Ливия-Мысыр соғысы аяқталды.

**

24 шілде 2000 жыл... Израиль премьер-министрі Эхуд Барак егер Израиль-Палестина бейбітшілігі қамдалса, Газа секторындағы барлық еврей аудандарын босатуға дайын екендерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар