Тарихта 11 сәуір

Тарихта бүгін.

1180868
Тарихта 11 сәуір

1905 жыл 11 сәуір...

Альберт Эйнштейн абсолютті уақыт деген ұғымның жоқ екенін дәлелдеп, ғылым әлемінде төңкеріс жасады. Оның салыстырмалылық теориясы уақыт пен кеңістік туралы бұрынғы көзқарастарды түбірімен өзгертіп жіберді .

1919 жыл 11 сәуір...

Әлеуметтік әділетті және әлеуметтік бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсатты Халықаралық еңбек ұйымы құрылды.

1930 жыл 11 сәуір...

Түркияда әйелдерге жергілікті сайлауда сайлау және сайлану құқығы берілді. Түрік әйелдер одағы Сұлтанахметте «Үлкен әйел митингі» ұйымдастырып, қол жеткізген жетістіктерін тойлады.

1911 жыл 11 сәуір...

1911 жылы 38 түнде 43 күреске қатысқан «Жаһан чемпионы» атағын алған белгілі түрік палуаны Куртдерели Мехмет Пехливан 1939 жылы 11 сәуір күні дүниеден озды.

1997 жыл 11 сәуір...

Халықаралық Ататүрік бейбітшілік сыйлығын Боснияда міндет атқарған Түрік бейбітшілік күшіне табыс ету үшін шешім қабылданды.

2006 жыл 11 сәуір...

Италияда 43 жылдан бері өзін таптырмай жүрген атақты мафия Бернардо Провензано 2006 жылы 11 сәуір күні Карлеоне ауылында бір қорғаушысымен көкөніс сорпасын ішіп отырған жерінде ұсталды.



Ұқсас жаңалықтар