Тарихта 27 ақпан

Тарихта бүгін

1152700
Тарихта 27 ақпан

 

27 ақпан 1863 жыл... Түркияда алғашқы сурет көрмесі Стамбулда ашылды. Көрменің ашылуына падиша Сұлтан Абдулазиз қолдау берді.

19-ғасырдың ортасында әлем көлемінде көрме мен жәрмеңке ұйымдастырылуы сәнге айналған еді. Батыста жиі кездесетін көрмелерге Османлы империясында да қызығушылық болатын.  Османлы падишасы Абдүлмежит Лондон және Париждегі жәрмеңкелерге қатысқан еді. Абдүлмежит сұлтан қайтыс болғаннан кейін таққа шыққан Абдулазиз Османлы мемлекетінде де осындай көрмелердің ашылуын сұрады. Алғашқы көрмеде суреттермен қоса Османлыда өсетін өнімдер, сонымен бірге елге қажетті, шетелдерден әкелінген жаңа туындылар да көрмеге қойылды.

**

27 ақпан 1879 жыл... Америкалық химик Константин Фахлберг «сахарин» атты жасанды тәттілендіргіш ойлап тапты. Бүгінгі таңда диабет науқастары және дәрі-дірмек пен азық-түлік өнеркәсібінде көптеп қолданылатын сахарин негізінде бір қателік нәтижесінде ортаға шықты. Фахлберг Джон Хопкинс Университеті екінші төрағасы Ира Ремсенмен бірге зерттеу жүргізу барысында сахаринді ойлап тапты. 1884 жылы ол сахариннің патентін алды.

**

27 ақпан 1914 жылы түрік авиациясы алғашқы шейіттерін берді. ұшқыш Фетхи мен Садык мырзалар қолданған ұшақ Стамбул-Каир рейсіне шықты.  Кония, Улукышла,  Адана,  Хомус және Дамаск арқылы Каирге жететін ұшақ рейсі Дамаскіге дейін еш проблемасыз жетті.  Алайда Дамаскінің Таберие ауданы маңында құлады.  Ұшқыштар шейіт болды.

**

27 ақпан 1947 жыл... Түрік карикатура шеберлерінің бірі Джемал Надир Гүлер қайтыс болды.  Джемал Надир өзінің кейіпкерлері арқылы қоғамдағы келіспеушіліктерді,  надандықты,  екі жүзділіктерді сынға алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар