Анкара қаласында Көкту қазақ мәдениеті қоғамының тұсаукесері өтті

Анкара қаласында Көкту қазақ мәдениеті қоғамының тұсаукесері өтті

Үстіміздегі жылдың Наурыз айында құрылып, іс-шараларын бар қарқынымен бастап кеткен қоғам енді Қазақстан елшілігінде түрік саясат қайраткерлеріне,  мәдениет және өнер саласы өкілдеріне,  зиялы қауымға және баспасөзге таныстырылды.

Қазақстанның Түркиядағы өкілетті елшілік ғимаратында өткен тұсаукесерге Түркия Республикасы Президенті бас кеңесшілері Ялчын Топчу мен Мехмет Акарджа, Халықаралық Түрік мәдениеті қоғамы Түріксойдың Бас хатшы орынбасары Проф. Фырат Пурташ, Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің Өкілетті кеңес төрағасы Проф. Муса Йылдыз, Башкент Университетінің құрушысы Проф. Мехмет Хаберал, Қорқыт Ата Университетінің ректоры Мурат Түрік, түрік мәжілісінің депутаттары,  зиялы қауым, Түркияда өмір сүретін қазақ қоғамының өкілдері мен қазақстандық студенттер қатысты.


Этикеттер: Түркия , Қазақстан , Анкара , Көкту , Көкту қазақ мәдениеті қоғамы , KökTuğ