Әлем балалары Түркияда

23 Сәуір Балалар фестиваліне әлемнің түкпір-түкпірінен келген балалар өз өнерлерін көрсетті.

2130633
Әлем балалары Түркияда
trt 23 nisan cocuk senligi4.jpg
trt 23 nisan cocuk senligi3.jpg
trt 23 nisan cocuk senligi2.jpg
trt 23 nisan cocuk senligi1.jpg
trt 23 nisan cocuk senligi.jpg

TRT-нің Халықаралық 46-шы 23 Сәуір Балалар фестиваліне әлемнің түкпір-түкпірінен келген балалар өз өнерлерін көрсетті.

Анкарадағы шарада 29 елден келген балалар астана тұрғындарымен бас қосты. Аталмыш шара өз елдерінің тулары,  түрік туы және ұлы көсем Ататүріктің суретін ұстаған балалардың шеруімен басталды.

Өз ұлттық билерін билеген балалар көрерменнің қошаметіне бөленді.

Шарада сөз сөйлеген TRT Бас директоры Мехмет Захид Собажы осы мерекені 1979 жылдан бері рухына лайық өткізуге тырысқандарын айтты. Осы процесте әлем балаларының арасында сүйіспеншілік,  бейбітшілік пен достықтың жетілуі үшін жұмыстанғандарын айтқан Собажы «Фестиваль сонымен бірге Түркияның таныстырылуына да үлкен үлес қосады. Ең маңыздысы түрік мәдениеті мен қонақжайлығының әлем балаларының есінде және жүрегінде қалуына көмектеседі.  45 рет балалар фестивалін ұйымдастырдық.  Осы фестивальдерге 45 жылда 125 елдің 30 мыңнан астам баласы келді.  Биыл 46-шысы өткізілген фестивальдің ұраны -  «Әлем балалары бейбітшілік үшін бірге» деді.

TRT Бас директоры осы фестивальге Палестинаның шақыруының да маңызды екеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар