Фатих Сұлтанның бойтұмары аукционда сатылады

Қолаға қашалған портрет - батыстық суретші жасаған ең көне мұсылман көшбасшысының портреті.

2117422
Фатих Сұлтанның бойтұмары аукционда сатылады

Ханзада кезінде суреті медальонға қашалған жеңімпаз - Фатих Сұлтан Мехмет портреті 21 мамырда Англиядағы «Bonhams» аукцион үйінде сатылады.

Қолаға қашалған портрет - батыстық суретші жасаған ең көне мұсылман көшбасшысының портреті.  Медальонның  болжамды сатылым бағасы 1,5 пен 2 миллион фунт аралығында болуы мүмкін екені хабарланды.

Ренесанс дәуірінің медальондары жинағынан 2000 жылы табылған туындының шетінде латын тілінде «Ұлы ханзада, Ұлы Әмір, Сұлтан Мехмет Эфенди» деген сөздер жазылған.

Сұлтанның жеке және маңызды бұйымы  болып есептеліп,  оның билеушінің бойтұмар ретінде таққаны айтылады.



Ұқсас жаңалықтар