Чаталхөйүкте  8 мың 600 жылдық нан табылды

Чаталхөйүкте  жүргізілген қазба жұмыстары кезінде 8 мың 600 жылдық нан табылды.

2111467
Чаталхөйүкте  8 мың 600 жылдық нан табылды

Коньяның Чумра ауданында орналасқан, неолит дәуірінде шамамен 8 мың адам бірге өмір сүрген Чаталхөйүкте  жүргізілген қазба жұмыстары кезінде 8 мың 600 жылдық нан табылды.

Дүние жүзіндегі алғашқы елді мекендердің  бірі Чаталхөйүкте «Мекан 66» деп аталатын аймақта іргелес балшық кірпіш үйлерге жоғарыдан кіруге болатын пеш құрылымы табылды.

Бидай, арпа, бұршақ тұқымдары және тағам болуы мүмкін пальма көлеміндегі олжа негізінен қираған пештің айналасында табылды.

Нежметтин Ербакан университетінің Ғылым және технология зерттеу және қолдану орталығында жүргізілген талдауларда губка қалдықтарының б.з.б. 6 мың 600 жылы ашытылған нан екені анықталды.

Қазба тобының жетекшісі және Анадолу университетінің оқытушысы доцент Али Умут Түрікжан ашытылған нанның алғашқы үлгілерінің Мысырда табылғанын түсіндіріп, былай деді: «Чаталхөйүкте табылған бұл олжаның дүниедегі ең көне нан екенін айқын. Бұл органикалық қалдықтарды бақылау, талдау және мерзімін ескере отырып, бұл шамамен 8 мың 600 жыл болған нан деп айта аламыз».

 



Ұқсас жаңалықтар