«DIMDEX 2024» 4-6 наурыз күндері арасында Катарда өтеді

Түрік қорғаныс өнеркәсібі компаниялары «DIMDEX 2024» көрмесіне қатысады.

2110774
«DIMDEX 2024» 4-6 наурыз күндері арасында Катарда өтеді

Түркия Катардың бас қаласы Дохада басталған Халықаралық теңіз қорғанысы көрмесі мен конференциясына (DIMDEX 2024) 39 түрік қорғаныс өнеркәсібі компаниясымен қатысады.

«DIMDEX 2024» 4-6 наурыз күндері арасында Катарда өтеді. Көрмеге 39 түрік қорғаныс өнеркәсібі компаниясы қатысады.

Биыл сегізінші рет өткізілетін және үш күнге созылатын «DIMDEX 2024» көрмесінде түрік қорғаныс өнеркәсібі компаниялары шығарған пилотсыз құрлық және әуе көліктері, броньды көлік платформалары, қару жүйелері, электронды жүйелер, оқ-дәрі және логистикалық қолдау өнімдері көрсетіледі.

Жоғары деңгейдегі ресми делегациялар қатысатын көрмеде әлемдік қорғаныс өнеркәсібі, технологиялық жаңалықтар, кибер қауіпсіздік және жасанды интеллект туралы ақпарат беріледі.

Түркиядан көрмеге қатысқан 39 қорғаныс өнеркәсібі компаниясы әуе, құрлық, теңіз платформалары мен қару-жарақ жүйелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамытуды мақсат етеді.



Ұқсас жаңалықтар