«Bayraktar Akıncı - C» алғаш ұшу сынағын сәтті аяқтады

«Baykar» компаниясының шабуылға арналған «Bayraktar Akıncı - C» әуе көлігі алғаш ұшу сынағынан сүрінбей өтті.

2107025
«Bayraktar Akıncı - C» алғаш ұшу сынағын сәтті аяқтады

«Baykar» компаниясының шабуылға арналған пилотсыз әуе көлігі «Bayraktar Akıncı - C» алғаш ұшу сынағынан сүрінбей өтті.

Осылайша «2X850 HP» (HP: ат күші) күшіндегі «Bayraktar Akıncı»-ның үшінші нұсқасы көгілдір аспанға көтерілді.

Сынақ Текирдағдың Чорлу ауданындағы «Akıncı» Ұшу-жаттығу және сынақ орталығында өткізілді.

«Bayraktar Akıncı - C» бір сағаттан астам аспанда ұшты. Ұшу  барысында аэродинамикалық параметрлік қадамдар сәтті өтті.

«Bayraktar Akıncı - C» 1700 ат күшімен өз категориясындағы ең тиімді және қабілетті жауынгерлік платформа болады.

Түркияның алғаш отандық пилотсыз әуе көліктері шығарған «Байкар»-дың отандық және бірегей түрде жетілдірген «Bayraktar Akıncı» 40 мың ұшу сағатын сәтті түрде аяқтау арқылы Түрік авиациясының тарихында маңызды бір кезеңді тағы артта қалдырды.



Ұқсас жаңалықтар