Еркін күрестен түрік құрамасы 31 жылдан кейін Еуропа чемпионы атанды

Фейзулла Актүрік 92 келіде, Таха Акгүл 125 келіде алтын медаль алды.

2104181
Еркін күрестен түрік құрамасы 31 жылдан кейін Еуропа чемпионы атанды
feyzullah aktürk.jpg

Еркін күрестен түрік құрамасы 31 жылдан кейін команда есебінде Еуропа чемпионы атанды.

Румынияның бас қаласы Бухарестте өткен Еуропа күрес чемпионатында екі алтын, екі күміс және екі қола медаль алған түрік құрамасы Грузия мен Әзербайжаннан асып түсіп, бірінші орын алды.

Еркін күрестен Түркия 1993 жылы Стамбулда өткен Еуропа чемпионатында бірінші рет чемпион болған еді.

Соңғы чемпионатта Фейзулла Актүрік 92 келіде, Таха Акгүл 125 келіде алтын медаль алды.



Ұқсас жаңалықтар