Стамбул халық санымен 131 елді артта қалдырды

Қалада Түркия халқының 18,34 пайызы тұрады.

2099220
Стамбул халық санымен 131 елді артта қалдырды

Түркияның халқы ең көп қаласы Стамбул 2023 жылы 15 миллион 655 мың 924 кісіге азайған халық санымен де 131 елді артта қалдырды.

Түркия Статистика мекемесі мен БҰҰ Халық қоныстану қорының деректеріне қарағанда, Стамбулдың халық саны 2023 жылы алдынғы жылмен салыстырған 252 мың 72 адам азайды. Қаланың тұрғындарының саны 15 миллион 655 мың 924 болды.

Қалада Түркия халқының 18,34 пайызы тұрады.  Олардың 7,80 миллионы-ер адамдар, 7,84 миллионы – әйел азаматтар.

Еуропаның халқы ең көп қаласы болып саналатын Стамбул 131 елден де асып түседі.

Португалия мен Венгрия 10,2 миллион, Тунис 12,5 миллион, Бельгия 11,7 миллион халқымен Стамбулдың артында қалған елдердің кейбірі.

 



Ұқсас жаңалықтар