Миғраж түні бүгін атап өтіледі

Миғраж қасиетті түні ережеп айының 27-сі күніне дөп келеді.

2098231
Миғраж түні бүгін атап өтіледі

Әзірет Мұхаммедтің Алланың алдына шығуы ретінде қабылданатын Миғраж түні бүгін атап өтіледі.

Миғраж қасиетті түні 12 қаңтар күні басталған «үш ай» маусымының алғашқысы ережеп айының 27-сі күніне дөп келеді.  Ислам нанымына қарағанда, Алланың шақыруымен Әзірет Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Харам меншітінен Ақса мешітіне дейін жетіп, Ақсадан жеті қат көкке көтерілді.

«Исра және Миғраж кереметі» деп аталатын осы оқиға Құран кітапта Исра және Нежм сүрелерінде айтылған.  Исра оқиғасы Мұхаммед пайғамбардың бір түні Меккеден Иерусалимге, Миғраж оқиғасы болса жеті қабат аспанға көтерілуі деп айтылады.

Ислам дереккөздеріне қарағанда, осы оқиғалар Алла Тағаланың Пайғамбарға Меккеде көрген тауқыметтеріне берген жұбанышы ретінде қабылданады.

Сол түні Алла Тағала Мұхаммед пайғамбарға Исра сүресінде орын алған адам баласының өмір сүру құқығын, абырой мен адамгершілігін қорғауды, қоғамның тыныштық пен қауіпсіздігін қамдауды мақсат еткен мораль мен парасат қағидаттарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар