Амазон орманында ежелгі қала табылды

«BBC» телеарнасының хабарына қарағанда, 2500 жылдық ірі ежелгі қала табылды

2088102
Амазон орманында ежелгі қала табылды

Эквадордың оңтүстігінде Амазон ормандарындағы Упано аймағында үлкен ежелгі қала табылды.

«BBC» телеарнасының хабарына қарағанда, өсімдік қабатымен жабылған 2500 жылдық ірі ежелгі қала табылды.  Ғалымдар осы жаңалық аймақта аңшылықпен айналысқан ежелгі халықтар туралы көзқарасты өзгертуі мүмкін екенін білдірді.

Амазондағы ежелгі елді мекендердің шағын екенін, сондықтан халықтың көшпенді өмір сүргенін ойлаған ғалымдар жаңа табылған ежелгі қаланың үйлері, ашық алаңдары, жол және канал желісімен таңғалдырғанын айтты.

Археологтар 2500 жыл бұрын салынған қалада адамдар шамамен мың жыл тұрған деп болжап отыр.

Зерттеу командасының басшысы,  Франция Ұлттық ғылыми зерттеу орталығының профессоры Стифен Ростаин «Бұл жер – Амазонда біз білетін ежелгі елді мекендерден ескі.  Бұл жаңалық қазірге дейінгі өркениет туралы көзқарастарымызды өзгертуі мүмкін» деді.



Ұқсас жаңалықтар