Өткен жылы Муғлаға 3 миллионнан астам шетелдік турист келді

Қала губернаторы Идрис Акбыйык тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

2085166
Өткен жылы Муғлаға 3 миллионнан астам шетелдік турист келді

Түркияның туризм орталықтарының бірі Муғлаға өткен жылы 3 миллионнан астам шетелдік турист келді.

Түркияның 1484 шақырым ұзындығына ие жағалауы бар Муғла табиғи сұлулықтары және ежелгі қала орындарымен белгілі туризм қаласы. Қала 340 мың орын сыйымдылығымен жергілікті және шетелдік қонақтарға қызмет көрсетеді.

Бодрум, Мармарис, Фетхийе, Датча, Ортаджа, Милас және Ула сияқты аудандарымен демалушыларға әртүрлі туризм мүмкіндіктерін ұсынатын қала өткен жылы теңіз, құм және күннің рахатын көргісі келетіндердің таптырмас мекенжайларының біріне айналды.

Қала губернаторы Идрис Акбыйык қаланың әлемдік туризмде брендке айналғанын және келушілер санының жыл сайын артып келе жатқанын мәлімдеді.

Акбыйык «2023 жылы қалаға келетін турист саны 3 миллион 395 мың 947-ге ұласты. Олардың шамамен 1,5 миллионы британдықтар» деді.

Акбыйык өткен жылы қалаға жергілікті туристерді қосқанда шамамен 10 миллион адам келгенін білдірді.

Муғланың өткен жылы ең көп ағылшын турист қабылдаған қала екенін атап көрсеткен Акбыйык ағылшындарға қоса Ресей, Германия, Польша, Голландия және басқа елдерден де қонақтар келгенін білдірді.

Губернатор Акбыйык Муғланың альтернативті туризм әртүрлілігімен Түркияда бірінші орында екенін атап «Мәдениет туризмі, спорттық туризм, сауықтыру туризмі, плато туризмі, рафтинг, жаяу серуендеу, велоспорт, су спорты туризмі, яхта туризмі, кемпинг-керуен туризмі қаламыздағы туризмнің алуан түрін құрайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар