«TRT халықаралық деректі фильм марапаттары» фестивалі Стамбулда өтті

TRT биыл 14-ші рет ұйымдастырған «TRT халықаралық деректі фильм марапаттары» фестивалі Стамбулда өтті.

2077808
«TRT халықаралық деректі фильм марапаттары» фестивалі Стамбулда өтті

Түркия Радио Теледидар Мекемесі (TRT) биыл 14-ші рет ұйымдастырған «TRT халықаралық деректі фильм марапаттары» фестивалі Стамбулда өтті.

Түркия Радио Теледидар Мекемесі (TRT) 14-ші рет ұйымдастырған «TRT халықаралық деректі фильмдер марапаттары» 14-17 желтоқсан күндері ұлттық, халықаралық деректі фильм көрсетілімдері және өз салаларындағы сарапшы қонақтардың қатысуымен өтті.

Шамамен 100 елден 1000-ға жуық жоба өтініш берген 14-ші TRT халықаралық деректі фильм марапатында 32 финалист «Халықаралық санат», «Ұлттық кәсіби санат», «Ұлттық студенттік фильмдер санаты» және «Жобаға қолдау көрсету санаты» 4 категория бойынша  жүлде  жарысты.

Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен әуесқой және кәсіби деректі киногерлерді қолдау және деректі жанрдың дамуына және таралуына үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған фестиваль биыл «Тамырлы із, күшті әңгімелер» деген ақырыппен өтті.

Марапаттау рәсімінде халықаралық номинацияда «Үздік фильм» аталымы бойынша «The Lens of the Democracy» (Демократия объективі) деректі фильмі иеленсе, екінші жүлдені , «Giselou» (Жизелу) және үшінші жүлдені «A Golden Life» (Алтын өмір) фильмі жеңіп алды.

Ұлттық кәсіпқой категориясында «Flanöz» фильмі «Үздік фильм» сыйлығына, «Білікті Ана Мевлүде Генч» Мәдениет және туризм министрлігінің арнайы сыйлығына және «Kavur» фильмі Қазылар алқасының жүлдесін алды.

Ұлттық студенттік фильмдер категориясы бойынша «Аспанға қара» фильмі «Үздік фильм» сыйлығымен, «Нан қайық» екінші жүлдемен, «Қайырлы түн ата, мен сені сүйемін» үшінші жүлдемен марапатталды. Қолдау категориясында болса, «Бос», «Егер біз де сенің бұзықтығыңды көрсек» және «Тұздан түскен арман» атты деректі фильмдер марапатталды

Салтанатты фестивальде сөз сөйлеген TRT Бас директоры Мехмет Захид Собажы шараның «Тамырлы іздер, күшті әңгімелер» деген тақырыбымен ұйымдастырылған бұл шараның Түркияның ең үлкен деректі фильм фестивалі екенін айтты



Ұқсас жаңалықтар